Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Батыс Қазақстанда жаңа қазақы атаулар пайда болды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ше­шімімен Орал қаласының №5 шағын ауданы – Қадыр Мырза Әли, осыған дейін «ТЖЖ-1», «ТЖЖ-2» аталып келген шағын аудандар – «Көкжиек», «Сарыарқа» шағын аудандары аталатын болды.

Батыс Қазақстанда жаңа қазақы атаулар пайда болды

Орал қаласында екі жыл бұрын ашылған 10 мың адам сыятын жаңа алаң – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» алаңы атауын алды.

Сондай-ақ облыс орталығында соңғы жылдары пайда болған «Жұлдыз», «Көкжиек», «Сарыарқа» шағын аудандарындағы 80-нен аса көшеге жаңа атау берілді. Жаңа атаулардың ішінде Алтын Орда, Тұран, Отырар, Сығанақ, Түркістан, Жібек жолы секілді тарихи атаулар, Қорқыт ата, Арыстанбаб сынды аңыз тұлғалар, Шыңғыс хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шығай хан секілді билеушілер, Қарасай, Оспан, Кейкі сынды батырлар, Баубек Бұлқышев, Ахмет Жұбанов, Оралхан Бөкей, Қайым Мұхамедханов сияқты өнер-мәдениет қайраткерлерінің есімі бар.

Бұған қоса өңір басшысының ұсынымы бойынша облыстық мəслихаттың шешімімен Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев пен Пар­ламент Сенатының депутаты Бірғаным Əйтімоваға «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы