Көпшілікпен кездесуге келгендер арасында волейболдан Қазақстанның паралимпиада командасының капитаны Серік Есматов, жас инноватор Мəулен Бектұрғанов, кинорежиссер Əзиз Зайыров, ғалым-химик Диас Тастамбекұлы жəне кардиохирург Гүлжан Сəрсенбаева сынды түрлі сала өкілдері бар. Олардың барлығы да ешқандай қиындыққа мойымай, өмір жолында кездесетін кедергілерді бұзып-жарып, көздеген мақсаттарына қол жеткізген жандар. Дəп қазір жоғарыда аталған тұлғалар алматылықтар жəне осы əсем шаһардың қонақтарымен жүздесіп, өмірлік тəжірибелері жəне табысқа жетудің құпияларымен бөлісуде.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»