Аймақтар • 07 Маусым, 2018

Елімізге қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік маңызды

1778 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскеменде «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында үш күндік өңірлік семинар-тренинг басталды.

Елімізге қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік маңызды

Қазақстан халқы Ассамблея­сының қолдауымен, Прези­дент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс­тық филиалының ұйымдас­тыруы­­мен өтіп жатқан шараға Қараған­ды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыс­тары­ның мемлекеттік қызмет­шілері қатысуда. Семинар барысында Елбасының «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен көші-қон саясаты тақырыптары бойынша отандық ғалымдар мен сарапшылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері баяндама жасап, ойларын ортаға салатын болады.

«Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп бекерге айтпаса керек. Сол себептен балаға тәрбие мен білім қатар берілуі тиіс. Осыған баса назар аударғанымыз ләзім. Бізге компьютер басты ұрпақ қажет емес. Кейінгі буын мейірімді, ақылды, парасатты болып өссін десек, біз оларға дұрыс үлгі-өнеге көрсете білуіміз керек. Сонда ғана келешекте ел ертеңін ойлай­тын білікті мамандар қалып­тастыра аламыз», деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшы­лығы меңгерушісінің орын­басары Нәзипа Шанаи семинар-тренингтің ашылуында.

Үш күнге созылатын семинар-тренингте Президент жанын­­дағы Мемлекеттік басқару акаде­миясы Орталық Азия өңірін­дегі этносаралық және кон­фессия­ара­лық қатынастар­­ды зерттеу орта­лығы жетекші­сінің орынбасары Дастан Көшер­баев, Орталық сайлау комис­сия­сының хатшысы Сабила Мұстафина, Ұлттық эконо­мика министрлігінің өкілі Аяу­лым Сағынбаева, тарих ғылым­дарының докторы Жам­был Ар­тық­баев мемлекеттік қыз­мет­керлерге дәріс оқиды деп жоспарланған.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН