Кәсіпкер-меценат Исламбек Салжанов: Адамның ішкі әлемі әр сөзінен аңғарылып тұрады

Кәсіпкер-меценат Исламбек Салжановпен сыр-сұхбат

Егемен Қазақстан
08.06.2018 630

– Исламбек бауырым, біз танысып-біліскелі де, міне, біраз жылдың жүзі бо­лыпты. Танысқанымыз рас, бірақ «біліскелі» деп ауыз толтырып айтуға әлі ерте. Әуелі Ақтөбеде ұшы­растық, сонан соң Астанада, бір-екі рет Алматыда. Ылғи іссапарда жүресің. Бір аяғың шетелде, бір ая­ғың өзің туған мекенде, демек­ші?..

– Бизнестік білім-біліктің бітпейтін де күтпейтін қиыр-шиыры көп. Шетелге жол түсіп тұрады. Әлем есігінің кілті – өзіңіз білесіз, тіл ғой, баяғы. «Тілді білмес – дымды білмес» демекші, тілді түсініп сөйлеу бір басқа, тұшынып бойға сіңіру бір басқа. Бұрын бір ғана ұстаз­дан дәріс алып келсем, бұл жолы бірнешеуімен таныс­тым, білістім. Бірі бизнес ілімінің ілкі маманы, бірі кәні­гі кәсіпкер, бірі өрікті тісімен емес, ісімен шағып, ішіндегі дәмді дәнегіне дәніккен данагөй профессор...

– Қаймана қазақтың көбісі әлі күнге «әриай­дайымды» әндетіп-әуенде­тіп жүргенде, кешегі қара­домалақ ауыл баласы­ның бүгін шеңберден шы­ғып, шетел асып, құлашты кеңге сермеп жүргені, шыным­ды айтсам, мендей шығар­машылық адамы үшін жаңа үрдіс, жанкешті қадам. Әрине шаруаның бітуі мен ыңғайға келуі барушыға емес, алдымен берушіге байланысты. Тауың шағылып, тауаның қайтқан кездер де аз болмаған шығар-ау...

– Әрине. Қазақы қонақ­жайлық қайда?.. Түсіңе де, ісіңе де қарайтыны бар. Ал­дымен ішіңді ақтаруға тырысады. Бұл – кәнігі іскер­дің кәдуілгі қасиеті. Кім екен­­­дігіңе әбден көзі жеткен соң ғана бетін бері бұрып, іштартатыны бар. Құдайға шүкір, әзірге құралақан қай­тып жүргенім жоқ. Оларда «біз тойдық, болдық, енді ешкімнің керегі жоқ!» деген тоқмейілсу, кекірік аздыру мүлде кездеспейді. Шынтуайтына келгенде, олар бізге, біз оларға керекпіз. «Адамның күні – адаммен» демейтін бе еді қазақ, тілдесе білсең ғана тірлігің бітеді, түндігің ашылады. 

– Бір сөзіңде алты жыл оқып дәрігер мамандығын алғаныңды, бірақ оның түк­ке жарамай қалғанын айтып едің. Зәру мамандық екенінде зәредей күмәнім жоқ, әсіресе, дерттің демі­гіп, аурудың асқынып тұр­­ған қазіргі әлетінде. Жас адам­­ның алып ұшқан ар­ман-мақсатынан бір-ақ сәт­те қол үзіп, мүлдем бас­қа ар­наның ағысымен алы­сып-қағысып кете барғаны жан-дүниеңнің жаратылы­сына жайлы әсер ете қойма­ған шығар-ау, қалай ойлай­сың? 

– Үйелмелі-сүйелмелі алтау едік, анамыздан ерте айрылып қалдық. Әкеміз періште салған ақ жолды пір тұтқан қақ-соғы жоқ бір ғазиз жан еді. Бертінде дүние салды... Тетелес алтауымыз, біріміз ұл, біріміз қыз дегендей, жетелесіп жүріп бір Алланың арқасында бүгінге әупірімдеп жеттік-ау, әйтеуір. «Жетімнің жеті пірі болады» демекші, солардың ішіндегі еті тірі епсектісі мен болып шықтым. Ерте есейдім. Әуелгіде заңгер болғым келген, оған қоса Алматыға бару, көру бір арман... Бала үшін анадан артық кім бар? Қарап тұрсам, үй берекесінің ұйытқысы сол бір ғазиз жан екен ғой. Ажалға арашашы бола алмаудан артық өкініш бар ма? Алғашқы ойымнан күрт айныдым да, аттестатымды алысымен Ақтөбеге барып медицина институтына емтихан тапсырдым. Оқуды тәмамдап, диплом қолыма тигені сол еді, онсыз да жайдақ дүние асты үстіне төңкеріліп түсті емес пе? Амал жоқ, күнкөріс қамына кірісіп кеттік. «Өз күніңді өзің көр, менен қайыр-мейір күтпе!» деген қатыгез өмірдің қатал өкімі, сенесіз бе, құлағымнан әлі күнге кетер емес. Бәлкім, кетпейтін де шығар, жер бетінде соңғы жетім қалғанша...

– Жер бетінде соңғы жетім қалғанша... Мына сөзің менің де қай-қайда­ғымды есіме салып отыр. Мейлі, ата-анаң болсын, мейлі, туыс-бауырың болсын, мейілі, дос-жораң болсын, мына дүниеден әр адам кеткен сайын Жердің өзі жетім қалатындай көрінеді. Кеткендердің орнын келгендер толтыра ала ма?

 –  «Менің де қай-қайдағым­ды...»­ деп қалдыңыз, соған қара­ғанда...Сіздің де бала кезіңіз кедірлі-бұдырлы бол­ған-ау, шамасы?..

– Иә, бір ұқсастық бар. Анамыз он төртінде күйеуге шығып, отызға дейін сегіз құр­сақ көтеріпті. Төртеуі ше­тінеп, төртеуі аман қалған екен. Мен сол төртеудің бірі­мін. Қалай өсіп, қалай жетіл­генімізді білетін анамыз да бүгін арамызда жоқ, бірақ жиі түске енеді, жарықтық...Өңін білмеген соң ба, әкем түсіме бір рет те аян берген емес. Бүгінде Исраил деген атым болса – сол қалақтай ғана әзіз анамның арқасы. Тіпті ауылдың көнекөз адамдары бізді «Балалар үйіне» де бермек болған екен... Қысқасы, мұның өзі бір көш жерге же­те­тін хикая...

– Анаңыз әулие екен. Ол кісі жөнінде, өмір тағдырын айтам, жазған дүниеңіз бар ма еді? Кейінгіге ғибрат бо­ла­ ма дегенім ғой.

– Түсіме жиі енеді... Ән де шығарғам, өлең де жаздым бірталай. Бірақ қайдан орны толсын... Айтпақшы, сіз­дің әкей қай шаруаның кісісі еді? 

– Ауылдың жәй ғана шопыры болатын. Ала арқанды былай тұрсын, кісі есігін бей­сәрі аттамаушы еді. Сөйте тұрып көрген-білгені, көңілге тоқығаны көп болатын. Жар қосағынан айрылу, алты баланы бағып-қағу кімге оңай тисін, ертелі-кеш бітпейтін де, күтпейтін шаруаның ішінде жүретін. Ауыл болған соң әркімнің есігі алдында қора-қопсысы, тігерге бірер тұяғы бар. Біздің жақта қыс қатал, қай қыстың қай ыңғаймен келетінін білмейсің. Мұндай­да әлгі көлікке де, әкейге де тыным жоқ, әр үйге жем­шөп әкелумен әуре. Дағ­ды­ланып кеткені сонша, мұнысын күнделікті шаруа­ның біріне балайтын. Қыс­қасы, күндіз өкіметтің ісі, кешке көрші-қолаңның бұйым­тайы. Ақысыз-пұлсыз, бі­рақ құнсыз емес, біреудің алғысы, біреудің сауабы деген­дей... «Адал еңбегің ғой, алсаңшы?» деп ұсынып жатса, кәдімгідей ренжіп қала­тын, тіпті «аулаңа бұдан былай бас сұқпаймын!» деп қор­қытып та қоятын әдеті бар еді жарықтықтың.

– Сонда бұл тақуалық, тазалықтың төркін, төрі қайда? Әлде, кішіпейіл міне­зінен бе, бәлкім, тым қарапайымдылығы шы­ғар... Қайсыбіреулер қолы­на қамшы алса болды атқа мінгісі келіп адыраңдап тұра­ды ғой. Бүгінгідей емес, ауылдағы жапа-жалғыз кө­лік кімнің жаппасына жамау, қақпасына қарауыл бо­лады дейсің де кейде...

– Е, оның «әлқиссасы» әріде жатыр ғой, аға... Әке­міздің әкесі – Салжан атамыз кәдімгідей әл-қуатты, бақуатты кісі болған екен. Кәмпеске кезінде кәнігі кәззаптардың кәріне ұшырап, ет-жақындарын ала-мала сонаудағы башқұрт жұртына барып бас сауғалаған. Бар­шаның басына түскен бұл нәубеттің аты да, заты да «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» деп аталып кетті емес пе. Содан атамыз Ата­жұртқа отыз жылдан кейін барып бір-ақ оралған ғой.

– Апырай, бұл тағдыр дегенді қойсаңшы, біз де отыз жылдан кейін сонау Са­марқан тауынан Мыр­зашөл өңіріне иек артқан екенбіз. Ол жылдары мен бес-алты жастағы баламын. Бірақ бәрі ап-анық, қолмен қой­ғандай санамда сайрап тұр: бір есек, бір ат, төрт бала және ақ жаулықты пәруа­на анамыз... Сонда бізді – екі жүздей отбасын Өзбек­станның қақ ортасына төкпей-шашпай аман-есен алып барған хал­қымыз­дың аяулы ұлы, арда азаматы Нәзір Төре­құлов екен ғой! Мұны да тым кейін, тіпті кеше ғана біліп жа­тыр­мыз... 

– Әкемнен қалған сөз бар: «көкірегі көмбе, көзі ашық кісі еді...» деген. Әлде, өсиеті, әлде, өнегесі болар: «Көршіңе қарайлас, бүтін нанды бөліп жегеннің ырысы ортақ болады, біреуге жақсылық жасасаң оның қайтарымын ешқашанда сұраушы болма, өйткені ол қарыз емес, парыз, осыны өнебойы жадыңда тұт...» деп құлағына құйып отырады екен.

– Кісілігіне иманы кәміл адам болған екен де, жа­рық­тық. Сауаттылық дегеннен шығады, Имам Ис­маил Бұхаридың ақықи хади­сінде де бұл жай аз айтылмайды. Серіктес, сапар­лас сахабаларының бірі Мұхаммед пайғамба­ры­мыздан /с.а.с\ : «Қайсы парыз мұсылмандықта ең қадырлы, қасиетті саналады?» деп сұрағанда, Ра­сулулла: «Жетім-же­сір мен кәріп-кәсірге жәр­дем бер­­генің, танитын-таны­май­тынға сәлем бергенің» деген екен. Атадан қалған үйір­лі әулеттің үркерлі шаңы­рағын уыста ұстап қалу да бір қайырлы қасиет. Ал енді Әкеден не қалды, нені алдың?

–Қарашаңырақ қал­ды.­­ Сонан соң... қара­па­йым­­­дылық, ең бастысы, қанағат қалды-ау деп ойлаймын. Шынымды айтсам, мектепте оқу, ұстаздан дә­ріс алу бір басқа екен де, әке-шешеден ауызба-ауыз өмір­лік өнеге тану бір басқа екен ғой. Құдайға шүкір, біреуінің көз алдында балғын балалығым өтті, біреуінің көз алдында жігіт шағым қа­лыптасты. Тағдырыма ризамын, мендегі қасиет екеуіне бірдей қатысты.

– Байқасам, әуелгіде қа­ра ­базардың қарабайыр қам-харекетінен бастап, айнал­дырған бес-алты жыл­дың беделінде әлемдік биз­нестің машығына бейім­деліп, нарықтың есеп-қисабына қаныға бас­тапсың. Арада бос жүріс, сәйкі-саяқ сен­деліс жоқ сияқ­ты. Бәрі тығыз, тынымсыз шалқар ша­руа, жұ­мыс, оқу, тоқу... Осының бәріне дерлік уақыт таба­сың. «Алтын қы­ран» компаниялар тобы жыл­дан-жыл­ға қанатын жайып, өрісін кеңейтіп ке­леді. Алда атқарылмақ жа­ңа жобалар, ауқымды, аумақ­ты іс-шаралар тұр. Компанияның директоры да, маркетологы да, менед­жері де өзіңсің. Бір сөзіңде: «Алладан алғанымды ха­лыққа беремін...» деге­нің бар еді. Мен осыған ұйы­дым. 

– Адамның ішкі әлемі әр сөзінен аңғарылып тұра­ды ғой, аға. Дағдарысқа да дағдылана білу керек. Са­быр­мен, санамен, ақылмен. Ұмтылып жатқан жігіттер қатары бүгінде аз емес. Бірі епсекті, бірі тәуекелшіл, бірақ, әлеуметтік ахуалға немкетті, әлемдік нарыққа бейім емес. Шаруаларының бірі ақсақ, бірі тоқсақ болып жататыны содан. Ісі оңға басып сәл байи бастаса болды оң-солын танудан қалады. Бизнес дегеніміз – білік, болдым-толдым оған жат. Біліктің өзі тәжірибемен тандем. Күнделікті жетілдіріп отырмасаң діттеген мақса­тыңа жетуің қиын. Оның үстіне біздің қазақ, нарықты былай қойғанда, сауда-саттықты сарттың ісі деп кел­ген ғой кешеге дейін. Ал сауда-саттық, өзіңізге белгілі, күнделікті тұрмыстың ғана емес, баюдың, басалқалы болудың алғышарты. Біз бұрын беріп үйренген халық едік, енді беріп те, алып та үйренуге тиістіміз. 

– Кезінде бір жерден оқығаным бар еді. «Өр­ке­ниетке қол жеткіз­ген елде имандылық, қайы­рымды­лық қорлары жыл санап, уақыт санап көбейе түседі...» дегенді. Өз айтуымыз­ша,­ өр­­­ке­ниет­ке жеткен сияқ­­ты­­мыз, Адамдар арақа­тынасындағы тұр­мыс­тық деңгей де тиісінше жоғарғы, ортаңғы, төменгі дәрежеде жіктелді. Бірақ  күн­нен-күнге қордалана түскен мәселелер көп те, әлгі қорларымыз жоқтың қасы. Әуелгіде бірен-са­раны болған еді... «Алтын қы­ранның» әріптестері қайда деп жатқаным ғой?

– Ол үшін халықтың тұр­мысы жақсарып, қоғам­дағы әлеуметтік сана-се­зім ашық күнгі аспандай­ айқындала түсуі керек. Өкі­ніш­ке қарай, біз­де қазір дүм­шебайлық, дүние­қо­ңыз­дық, өзімшілдік, тойымсыз­дық, қанағатсыздық психологиясы етек алып кет­ті. Қысқасы, бүгінгі қазақ бұрынғы қазаққа ұқсамай барады. Баю, тою бақыттың басыбайлы категориясына айналған сайын «эго»-ның /эгоизм, эгоцентризм, т.б.\ ауруы асқына түседі. «Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін» деп мұны атам қазақ баяғыда айтқан. 

– Осыдан біраз жыл бұ­­рын, тәуелсіздігіміздің ал­ғашқы тұсында ғой дей­мін, біздің рухани өмірі­мізге «Қазақстан меценат­тар клубы» деген айтулы бір жаңа­лық жарқ ете қалып еді. Әде­биет, ғы­лым, музыка, театр, бейнелеу өнері, кинематорафия және ағарту саласына сәйкес қазақтың талай мар­ғасқалары Тәуелсіз «Пла­тиналы Тарлан» сый­лы­ғының иегері атанды.­ Бірақ ең өкініштісі сол, ер­кін, тәуелсіз бастама өмір­шең бола алмады. Қа­лай қарайсың, осынау ұлт­жан­дылық үрдісті бүгін, әсіресе, дәп қазіргі «Рухани жаң­ғыру» аясында қайта қол­ға алуға болмас па екен?.. 

– Мемлекет тарапынан таңдау, қоғамдық ор­та­дан қолдау табылып жатса, көлденең кесір, ке­дергі кезікпесе, елжанды елгезек азаматтар ортақ мүд­­деге ождан біріктірсе, ояға келмейтін іс, ұяға қонбайтын құс жоқ. Бүгінгі кәсіпкер – ертеңгі меценат, ертеңгі меценат – елдің тұтқасы да тұлғасы. Оның үстіне бізде кәсіпкерлер қатарының өсуіне, көбеюіне мүдделі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бар. Мен соның президиум­ мүшесімін. Соңғы бір оты­рыста ортаға «Періште кәсіп­керлер» ұйымын құрсақ қай­теді деген ұсыныс түсті. Ой­лап отырсам, бұл әлгі өзіңіз айтқан «Меценаттар клубына» сәйкес келетін сияқты. Бәлкім, жуық арада тура соны қайталамасақ та, бел шешіп бір шешімге келудің жөн-жобасын іздестірерміз. Тақ-тұқ емес­піз, ұлтжанды азаматтар, құдайға шүкір, әр салада арамызда жүр ғой...

– Аузыңа май, айнала­йын, айтқаның кел­сін! Ис­ламбек, бүгінгі әңгі­меміз­дің мәйегі – жан-дүниеңе, ішкі әлеміңе, тағ­дыр-талайыңа, одан қалса, екеуміз өмір сү­ріп жатқан қазақы қоғам­ның­ қайсыбір түйткіл тұс­та­ры­на назарымызды бөл­­­­дік, ықыласымызды аудар­­­­дық. Бір сөзіңде: «...Біз­ге қа­зір ұлттық аристокра­тия­ны қалыптастыру қа­жет. Аристократ – ол тек қал­та­сы толған адам емес, ол рухани бай, тарихы мен мә­дениетін жақсы білетін, ұлт­қа жаны ашитын, ұлт­тың мүддесін қорғайтын адам...» деген екенсің. Қа­з­ақ­­­шалап айтсақ, бұл деге­ніңіз нағыз Бекзаттық болмыс, елжандылық ерек­шелік қой! «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген, Алла жарылқасын, аман жүр!..

Әңгімелескен 
Исраил САПАРБАЙ,
ақын, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу