"Төменгі атмосфералық қысым өрісінде Қазақстанның көптеген облыстарында демалыс күндері ауа райы жылы болып, кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, дауылды жел соғу күтіледі. Ауа температурасы климаттық норма шегінде, тек батыста температура нормадан 1-2 градусқа төмен болады деп күтілуде", - делінген хабарламада.