13 Желтоқсан, 2011

Жеңімпазға – жеңіл көлік

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Н.Погодин атындағы орыс драма театрында ауыл шаруа­шылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров баяндама жасап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен алдағы міндеттерді жан-жақты саралап берді. Қызылжар өңірінің диқандары егіншілік саласында бұрын-соңды болмаған табыстарға жетті. 8,8 миллион тонна астық жинап, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тартулады. Мал шаруа­шылығы да өркендеп келеді. Алқалы басқосуда Қазақ­станның Еңбек Ерлері Геннадий Зенченко, Руслан Молдабеков, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі Марат Тасмағамбетов, тағы басқалар сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. «Орақ-2011» науқанының қорытындысы жария етіліп, гектар өнімділігін 28,2 центнерден айналдырған Тимирязев ауданы жеңімпаз деп танылды. Оған «Тайота-Ланд Круизер» жеңіл көлігі табыс етілді. Екінші, үшінші орындарды Қызылжар және Есіл аудандары бөлісті. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.