13 Желтоқсан, 2011

Әкімшілік рәсімдер оңайлатылмақ

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы министрлігінде «Өз еркімен тарату, салық төлеу­шілердің банкроттық процедураларын жүргізудің жеңіл­детілген тәртібін енгізу, әкімшілік өндірісті оңайлату мәселе­лері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Басқосуда Қазақстан салық төлеушілерінің қауымдастығы мен Қаржы министрлігі Салық комитетінің өкілдері баяндама жасады. Отырыста әкімшілік іс жүргізу мәселелері (тұлға әкім­шілік құқық бұзушылық фактілерімен және айыппұл төлеу­мен келіскен жағдайда, әкімшілік материалдарды жою, «ескерту» секілді шараларды енгізу, субъектіден «лауазымды адамдардан» және басқалардан әкімшілік жауапкершілікті алып тастау) талқыланды. Дөңгелек үстелде салық төлеушілердің өз еркімен тарату тәртібін оңайлату және банкроттықтың жеңілдетілген тәр­тіп­терін енгізу мәселелері қаралды. Әкімшілік өндірісті оңайлату, салық төлеушілерді өз еркімен тарату рәсімдерін жеңілдету, бан­крот­тықтың жеңілдетілген тәртібін енгізу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға ұсынылған өзгерістер мен толықты­рулар жуық арада тиісті заң жобаларынан көрініс таппақ.

«Егемен-ақпарат».