Аймақтар • 10 Маусым, 2018

Павлодарда цифрландыру жүйесін үйрететін 143 сынып ашылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында өңір тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ашылған оқыту курстары жүргізілуде.

Павлодарда цифрландыру жүйесін үйрететін 143 сынып ашылды

Мамандар жаз айларында 16 мың адамның электрондық сауатын ашуды жоспарлап отыр. Күніне 10 адам оқып біліп шығады. Өңірдегі  85 мектепте ашылған сыныптық кабинеттер компьютерлермен жабдықталып, жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған. Білікті мамандар сабақ жүргізеді.

Семинарлар барысында алдымен компьютерде жұмыс істеу тәсілімен танысып, «Ашық Үкімет» порталының мүмкіндіктерін меңгереді. Электронды түрде мемлекеттік қызметтерді пайдаланады. Оқу жүйесіне сәйкес, қатысушыларға Microsoft PowerPoint, Microsoft Word, Microsoft Excel бағдарламалары арқылы жұмыс істеу үйретілуде. Курс қатысушылары интернет-дүкен  Egov.kz порталымен де жұмыс жасауда. Соңында оқу бағдарламаларын меңгергендерге арнайы сертификат беріледі.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»