Әлем • 11 Маусым, 2018

СІМ Қытаймен визасыз режим енгізуге қатысты пікір білдірді

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Қытаймен визасыз режим енгізуге байланысты әлеуметтік желілерде кең талқыланып жатқан мәселе туралы пікір білдірді.


СІМ Қытаймен визасыз режим енгізуге қатысты пікір білдірді

Ведомстваның хабарлауынша, Қытай азамттары үшін визасыз режим енгізу жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Қазақстан Қытаймен визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Қытай азаматтары үшін визасыз режимінің енгізілуі мүмкін деп тарап жатқан ақпараттар жалған», деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстан тарапы ел азаматтары үшін визасыз келісім мерзімін ұзарту, қазақстандықтар үшін жекелеген виза беру шарттарын қайта қарау сынды өзара ынтымаққа келісілген жұмыстар жалғасуда екенін мәлім етті.