Теннис • 11 Маусым, 2018

Юлия Путинцева 42 сатыға жоғарлады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі Ролан Гаррос турнирі аяқталғаннан кейін әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Қазақстанның теннисшілері арасында елеулі табысқа Юлия Путинцева қол жеткізіп отыр.

«Үлкен дулыға» санатындағы додада ширек финалға дейін жеткен жерлесіміз бірден 42 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде WTA тізімінде 56-орынды иеленуде. Десек те Юлия Путинцева бұл жолы да өзінің командалық әріптесі Зарина Диасты қуып жете алған жоқ. Жоғарыда аталған жарыстың екінші айналымында өнер көрсеткен Қазақстанның №1 ракеткасы 51-орыннан 45-сатыға көтерілді. Ал әйелдер арасындағы үздіктер көшін биылғы жылғы «Ролан Гаррсотың» жеңімпазы, румыниялық Симона Халеп бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда – даниялық Каролин Возняцки мен испаниялық Гарбинье Мугуруса.   

Отандастарымыздың арасында АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіш Михаил Кукушкинге тиесілі. Бүгінгі таңда ол 86-орынға табан тіреді. Өкінішке қарай, өзге өрендеріміздің қарқыны баяу. Бұл тізімде Испанияның даңқты теннисшісі Рафаэль Надаль жеке-дара көш басында келеді. Швейцариялық Роджер Федерер мен германиялық Александр Зверев екінші және үшінші орындарды иемденуде.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»