Комиссияның алғашқы отырысы 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) төрағалығымен өтеді.
Уағдалыстыққа ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің техникалық реттеу мәселелері бойынша Базалық ұйымның үшінші отырысының барысында қол жеткізілген.
2018 жылдың 7-9 маусымы аралығында Душанбеде өткен іс-шараға Ресейден, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келген құрылыс саласының мамандары қатысты.
Александр Шахнович, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу саласындағы мемлекетаралық өзара әрекет етудің негізгі аспектілері» баяндамасымен сөз алды.
«2017 жылы ҚазҚСҒЗИ сарапшылары Қазақстанның құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізу тұжырымдамасын әзірледі, ал осы жылдың сәуір айында біздің сарапшылар нормативтік-техникалық құжаттарды кейіннен дұрыс цифрлау үшін терминдердің өз арасындағы өзара байланысын сипаттайтын, сондай-ақ ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша бірыңғай мемлекетаралық цифрлық сөздік құруды ұсынды. 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланған ТМД құрылысындағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссияның отырысы ТМД елдерінің құрылысындағы жаңа технологияларды дамытудағы ынтымақтастықты кеңейтуге және күшейтуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.
Базалық ұйымның отырысында сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша нормаларды үйлестіру және дамыту мәселесіне, бірлескен эксперименталдық-теориялық зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.
Қазақстан ТМД аймағында сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы танылған сарапшы болып табылатындықтан, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Техникалық мәселелер жөніндегі бас директордың кеңесшісі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша нормаларды үйлестіру және дамыту мәселелері бойынша техника ғылымдарының докторы, Миркен Абақановтың баяндамасы аса қызығушылықпен тыңдалды.
Өз кезегінде, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша Базалық ұйым құру ұсынысымен сөз алды.
Осы мәселенің өзектілігіне және осы тақырып бойынша мәселелерді кеңінен қарастыру қажеттілігіне байланысты, сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша жекелеген отырысты жүргізу бойынша шешім қабылданды, днп хабарлайды «ҚазҚСҒЗИ» АҚ PR-қызметі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ