13 Желтоқсан, 2011

Әскери кафедра ашылды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң инно­ва­ция­лық университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қау­лы­сының негізінде Қазақстан армиясына запастағы әскери қызметшілерді дайындайтын әскери кафедра ашылды. Әскери кафедра жалпы аумағы  1,3 гектардан астам жерді алып жа­тыр, мұнда үш қабатты  оқу корпусы, әскери техника мен қару-жарақ сақ­тайтын  бокс, ату тирі, студенттер  асха­насы мен сап түзейтін алаң ор­наласқан. Қазіргі кезде аудито­рия­ларды заманауи оқу құралдарымен жабдықтау жүзеге асырылуда. Бір айта кетерлігі, бұған дейін жо­ғары оқу орындарында әскери дай­ын­дық тек бір ғана жоғары оқу ор­нында медициналық әскери-есептегі маман­дық­тар бойынша жүргізілетін. Алдағы жылдың қаңтар айынан бастап мұнда мотоатқыштар бөлімшесі, сондай-ақ артиллерия және байланыс маман­дық­тары бойынша оқыту іске асырылмақ. Атқарылып жатқан шаралардың барлығы Қазақстан Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әртүрлі профильдегі резерв дайындауға мүмкіндік  жасайды. Оксана ПАРПУРА.