13 Желтоқсан, 2011

Назарбаев университетінде болды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Назарбаев Университетінде өткен Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатыс­ты. Премьер-Министр университеттің Ғылым және технологиялар мектебінде, қазақ тілі кафедрасының таныс­ты­рылымына қатысып, арнайы құралдармен жабдықталған зертханаларын,  кітапхана мен студенттердің жатақхана­сын аралап көрді. Қамқоршылық кеңесінің оты­рысында 2011 жылғы университет қызметінің негізгі нә­тижелері қарастырылды.  Со­нымен қатар оқу орнының дай­ындық орталығындағы университет алдындағы бағдар­ла­ма бойынша оқуға қабылдау ережелері мен 2012 жылғы Уни­верситет қызметінің негізгі бағыттары айқындалды. Назарбаев Университеті келесі жылы әлемнің озық жоо-ларымен бірге халықаралық ын­тымақ­тас­тықты одан әрі да­мытуды, оқу орнының оқы­ту­шы-профес­сорлық құрамын отандық және шетелдік үздік оқытушылармен толықтыруды, сондай-ақ жаңа оқу жылында екі жоғары мектепті – бизнес және мемлекеттік саясат мектептерін ұйым­дастыруды, университет құры­лы­сының екінші кезегін жал­ғастыруды жоспарлап отыр. Премьер-Министр пайдала­ну­ға берілген жаңа зертханалар мен кітапхананы, студенттер корпусын қарап шықты. Жаңа зертханаларда ғылыми зерттеулер мен физика, химия, биология, робототехника, мехатроника, инженерия сала­сын­дағы жаңа ізденістер жүр­гізілетін болады. Венера ТҮГЕЛБАЙ.