Аймақтар • 12 Маусым, 2018

Жазушылар одағы бөлімінің басшысы тағайындалды

958 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейге Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлық­бек Есдәулет арнайы келіп «Поэ­зия марафоны» шарасы­на қатысты. Шара аясын­да Ұлықбек Есдәулет Семей қа­ласының әкімі Ермак Сәлі­мовтың қабылдауында болып, қазірде өзі басқарып отырған Жазушылар одағының хал-жайымен таныс­тырды.

Жазушылар одағы бөлімінің басшысы тағайындалды

– Бүгінде Одақ құрамында 800-дей жазушы бар, – деді Ұлықбек Есдәулет. – Мұның 500-дейі зейнеткер. Жазушылар одағының Семей қалалық филиалын ұзақ жылдар бойы абайтанушы Төкен Ибрагимов басқарды. Енді міне, көпшіліктің ұсынысымен филиал жетекшілігіне жас ақын Мерей Қартовты бекітіп отырмыз. 

Жиынға белгілі қаламгер Медеу Сәрсеке, Жазушылар одағының Шы­ғыс Қазақстан облыстық филиа­лы­ның жетекшісі, ақын Әлібек Қаң­тар­баев, қоғам қайраткері Түсіп­хан Түсіпбеков, Абайдың мемлекеттік қо­рық-музейінің директоры Болат Жү­нісбеков, ақын Тыныштықбек Әбдікәкім қатысты. Алдағы уа­қытта Семейдегі Жазушылар ода­ғының бөліміне арнайы жұмыс ка­бинеті беріліп, барлық керек-жара­ғымен қамтылатын болды.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

журналист

СЕМЕЙ