13 Желтоқсан, 2011

Қазақстан төрағалығы қашанда табысты

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Н.Бордюжа Президентті ҰҚШҰ-ның ағымдағы жыл­дың желтоқсан айында Мәс­кеу­де өтетін Ұжымдық қауіп­сіз­дік Кеңесінің сессиясына дайындық барысынан хабардар етті. – Тамыз айында Астанада ҰҚШҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтті. Жоғары деңгейде өткен кездесу өте нәтижелі болды. Президенттер Ұйымды дамытудың салиқалы, түбе­гей­лі мәселелері жөнінде уағ­да­лас­ты. Бүгін мен Қазақстан Пре­зидентін Мемлекет басшы­ларының Астанада қол жеткізген келісімдердің орындалу ба­рысынан хабардар еттім. Мәс­кеудегі сессияда бірқатар мә­селелер талқыланып, ҰҚШҰ-ның дамуына айтарлықтай сер­пін беретін құжаттар қара­латын болады. Ұйымға Төр­аға­лық ету Қазақстан Республи­ка­сына өтеді. Әдетте, Қазақстан­ның төрағалығы өте креативті және табысты болады, сон­дық­тан біз келесі жыл ҰҚШҰ қызметі қарқындылығымен және тиімді нәтижелерімен ерекшеленеді деп сенеміз, – деп атап өтті Н. Бордюжа.