14 Желтоқсан, 2011

Үржардағы үлкен істер

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше өңір басшысы Бердібек Сапарбаев іссапармен Үржар ауданында болды. Өңір басшы­сы­мен бірге Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев, Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы төтенше және өкілетті елшісі Анарбек Қарашев болып, Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында бірқа­тар ғимараттардың салтанатты жағдайда ашы­луы­на қатысып, жерлестер қуанышына ортақтасты. «Құлагер» ұн комбинаты тәулігіне 60 тонна ұн тартып шығарады. Оған тапсырыс беруші Талғат Қарашев деген іскер азамат. Ал Көлденең ауылында 70 миллион теңгеге салынған спорт модулі де әсем әрі сапалы. Мұнда грек-рим күресі, шаңғы, волейбол үйірмелері жұмыс істемек. Үржарлық спортшылар О. Яцкая, А. Кебісбаев, та­ғы басқалар ел намысын абыроймен қор­ғау­да. Б.Сапарбаев, пен Т. Ермегияев жиналғандарды мерейтоймен құттықтады. Облыс әкімі бір топ үржар­лық­­­тарға Тәуелсіздіктің мерекелік медаль­да­рын тапсырды. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.