Кино • 14 Маусым, 2018

«Сиқырлы кілт» анимациялық мультфильмінің түсірілімі аяқтады

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, жас талант Сымбат Әбдірахманова «Сиқырлы кілт» анимациялық мультфильмін толық аяқтады.

«Сиқырлы кілт» анимациялық мультфильмінің түсірілімі аяқтады

«Сиқырлы кілт» анимациялық фильмінің мазмұнын арттыруға өңірдің үздік педагогтары мен тарихшылары тартылған.

Алты айға жуық мерзімде жасалған, қаржылау демеуге «Bilim Foundation» қоғамдық қоры да үлес қосқан «Сиқырлы кілт» туындысы Сыр өңірінің тарихынан сыр шертетін алғашқы анимациялық фильм.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова:

– Тәрбиеге көп мән бердік. Үлкенге құрмет көрсету, көмектесу сияқты тәрбиелік мәні бар дүние жасалды деп ойлаймын. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынасқа түсу инклюзивті білім беруді дамыту саласында да мағынасы бар,-дейді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы