Білім • 14 Маусым, 2018

Магистратура, докторантура және резидентураға түсу ережелері өзгерді

1511 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің Қаулысымен жоғары оқу орнынан кейін магистратура мен докторантураға, сондай-ақ ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

 

Магистратура, докторантура және резидентураға түсу ережелері өзгерді

Қаулы мәтіні бүгін баспасөзде жарияланды.

Оған сәйкес, ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 - 31 шілде аралығында жүргізіледі.

Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары - 10 - 15 тамыз аралығында, мамандық бойынша - 16 - 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10 - 15 тамыз аралығында жүргізіледі.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі жəне «магистр» дəрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген жəне кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады. Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсыра алады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші адамдар оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бой- ынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсырады. Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханын ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада жəне бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан əрі - ҰТО) жүргізеді.

Шет тілі бойынша түсу емтиханының, ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада, жəне оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеудің нəтижесі бойынша сертификат беріледі. Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді. Шет тілі бойынша түсу емтихандары жəне ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада жəне оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу ҰТО əзірлеген технология бойынша өткізіледі.

Шет тілі бойынша түсу емтихандары жəне ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада жəне оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілейтін түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі.

Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары жəне ғылыми- педагогикалық магистратурада білім алу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада жəне оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді маги- стратурада оқу үшін кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нəтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды жəне апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада жəне оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді ма- гистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нəтижелерін апелляцияға берген адамға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

Магистратура, резидентура және докторантураға адамдарды қабылдау кешенді тестілеу қорытындылары бойынша мынадай балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық магистратураға жəне докторантураға шет тілі бойынша - кемінде 50 балл жəне мамандығы бойынша - кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша - кемінде 30 балл жəне мамандығы бойынша - кемінде 50 балл; ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада жəне ағылшын тілінде бейінді магистратурада оқу үшін - кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша - кемінде 5 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша - кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша - кемінде 8 балл.