Аймақтар • 14 Маусым, 2018

Оралда меритократия қағидаларын енгізудің негізгі бағыттары айтылды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық компаниялар және бюджеттік ұйымдардағы кадрлық саясатқа меритократия қағидаларын енгізудің негізгі бағыттары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Оралда меритократия қағидаларын енгізудің негізгі бағыттары айтылды

Меритократия – әлеуметтік шығу тегіне және қаржылық жағдайына қарамастан билік басына ең қабілетті адамдар келуі керек дегенді білдіретін қағида. Жақында Орал қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өңірде осы меритократия қағидаларының орындалуы барысына назар аударып, жиын өткізді.

Дөңгелек үстел мәжілісіне Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйымдар өкілдері, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Конденсат» акционерлік қоғамы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Батыс өңірлік телекомуникация дирекциясы, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, Батыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындары өкілдері, депутаттар қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың және бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына меритократия қағидаларын енгізу мәселесі талқыланды. Осы бағыттағы іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдар мен оларға қарайтын мекемелерде келісім бойынша атқарылып жатырған іс-шаралар барысы туралы айтылды.

Жиында сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардағы кадр саясатына меритократия қағидаларын енгізудің негізгі бағыттары талқыланды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан