14 Желтоқсан, 2011

Жасампаздық жетістіктері

318 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін биылғы жыл – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін маңызды, мәртебелі ке­зең. Бұрын-соңды Орталық Азия аймағы тек географиялық ұғым ретінде қаралып келген болса, ендігі жерде Еура­зия­ның жүрегінде орналасқан еліміз – Тәуелсіз Қазақстан, Ел­басымыз Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың халықаралық дәрежедегі беделінің арқасында, әлемдік деңгейдегі саяси шешімдер қа­былдайтын орталыққа айналып келеді десек артық емес. Дамудың жаңа даңғылына түскен қоғам жетістіктерінде Қызылорда жұртшылығының да үлкен үлесінің бар екенін мақтанышпен айта аламыз. Жол инфрақұрылымы – қа­шан­да экономиканың күрета­мы­ры. Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауларында жергілікті маңызы бар жол­дар­ды барынша дамытуды қам­та­масыз ету қажет екендігін міндеттеп келеді. Осы ретте, ин­фрақұрылымдарды жаңартып-жаңғырту және жөндеу бағы­тында Елбасы Жолдауынан ту­ындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыру да облыс әкім­дігінің басты назарында. Республикамызда алғаш­қы­лардың бірі болып ауылдық елді мекендердің көше-жол то­рап­тарын жөндеуден өткізу жұ­мыс­тарын қолға ала бас­та­дық, атап айтсақ, өткен жылы об­лысқа қа­расты 100-ге жуық елді мекен­дер­дің көшелеріне түген­деу мен зерттеу жұмыс­тары жүр­гізілген. Нәтижесінде, осы жылға облыс­тық бюджеттен 7 ауданға қарас­ты 26 елді ме­кеннің 100 шақы­рымдай кө­шелерін жөндеуден өткізуге 1,0 млрд. теңге қаржы облыстық бюджет есебінен бөл­і­ніп, қазір мақсатты жұмыстар толығы­мен атқарылып бітті. Сонымен қатар, 2008 жылы республикалық бюджет есебінен басталған жалпы құны 1,5 млрд. теңгеден астам қаржыны құраған Қармақшы ауданына қарасты «Самара-Шымкент-Ақ­жар-Тұрмағанбет-Кө­мек­ба­ев» автомобиль жолының күр­делі жөндеу жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілді. Жалпы, осы жылы Жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жол­дары басқармасы арқылы 3,5 млрд.-тан астам қаржыға жол инфрақұрылымдары бой­ынша жұ­мыстар атқарылып, нәтиже­сін­де 211 шақырым жол­дар мен кө­шелер бойынша жұмыстар жасалды. Жолаушы тасымалы бой­ын­ша облыстағы шалғай ауылдық елді мекендерін аудан және об­лыс орталығымен байланысты­ра­тын 246 тұрақты автобус қа­ты­насы ұйымдастырылып, бү­гінгі күні облыстың 212 елді мекенімен көлік қатынасы  ор­натылған. Ал әуе көлігі бой­ынша облыс орталығын рес­пуб­ликамыздың Астана, Алма­ты және басқа да облыс ор­талықтарымен байланыстыру үшін «Эйр Астана» және «Скат» әуе компаниялары апта­сына 31 рейс орындауда. Осы жылдың 30 қазанынан бастап Қызылорда-Астана жә­не Қызылорда-Алматы рейстері бойынша сыйымдылығы 98 орындық «Embraer-190» (Бразилия) ұшақтары ұшып, бұл өз кезегінде ұшу уақытының біршама қысқаруына әкелді. Елбасының өзі Алаштың анасы атаған Сыр өлкесін Мем­лекет басшысының сенімді тірегіне айналдыруға атса­лы­сып, бірлігіміздің белгісі ретінде нақты шаралардың орын­далуын қолға алуымыз қажет деп ойлаймын. Әмірқұл ЖЫЛҚЫАЙДАРОВ, Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.