Әлем • 18 Маусым, 2018

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ

40 реткөрсетілді

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров хабарлады.

«Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарымыз туралы хабар түскен жоқ. Қазақстанның консулы Жапония премьер-министрінің кеңсесінде құрылған дағдарыстық штабпен байланыс орнатып, хабар алысып отыр», - деді А.Смадияров.

Еске салайық, дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан үш адам көз жұмып, 40-тан астам адам жарақат алды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар