Аймақтар • 19 Маусым, 2018

Әйелдер кәсіпкерлігі – үлкен күш

742 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қостанайда «Шекара бойындағы ынтымақтастық – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты әйелдер форумы өтті. Облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырған бұл алқалы басқосуға Ресейдің Қорған, Орынбор, Челябі, Қазақстанның Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы іскер орталардан барлығы 250 өкіл қатысты. 

Әйелдер кәсіпкерлігі – үлкен күш

Форумды Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко ашып, жиынның барша әлем таныған Қазақстан елордасы – Астана қаласының 20 жыл­дығы қарсаңында өтіп отыр­ғанын айта кетті. Көкей­кесті, маңызды мәселелерді шешуге арналған игі бастамалардың барлығы да тап осы Астанадан басталады. Солардың бірі әйел­дер кәсіпкерлігін дамыту үшін екіжақты тәжіри­белер алмасып, өзара тиімді бай­ланыстар орнатуға мүмкін­дік беретін шекаралас аумақ­тардағы әйелдер форумы екенін де атап өтті. 

Қашаннан ауылы аралас, қойы қоралас екі елге ор­тақ мәселе көп. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Шек­ара­лас өңірлерде сырт­қы саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көпте­ген мәселелерді қоса алғанда, өңірлік маңызды мәселелер то­ғы­сады, көршілер арасын­дағы және мемлекет­тер арасын­дағы қарым-қатынас­тар нығайып, берік бола түседі», деген сөзі де осыған саяды. Әйелдер кәсіп­керлігі де екі елдің көрші облыстары арасында ақ­парат, тәжірибе алмасуға сұра­нып тұратын мәселе. Сон­дықтан Қазақстанда ЕАЭО жұмысының шеңберін­де Ресеймен шекаралас облыс­тар кәсіпкерлерінің жағ­да­йын жақсарту жөнін­дегі жұмы­сы белсенді жүргіз­іледі. Көр­ші екі елдің шекаралас аумақ­тарын­дағы кәсіп­кер­лер­­дің эко­но­микалық ынты­ма­қ­­тас­тығы екі жақтың да ұлт­тық эко­но­микасының дамуына және тұрғындардың әлеу­­меттік деңгейінің көтері­луіне ық­пал етеді. Бұл орайда 500 мың шағын және орта кәсіп­орын­ды басқарып отыр­ған кә­сіп­кер әйелдердің рөлі аз емес. Олар 964 мың жұмыс ор­нын ашты. Қостанай облысын­да да әйелдер кәсіпкерлігі даму үс­тінде, оларға қолдау бар. 

– Ресеймен 2017 жылғы сыртқы саудамыз 1 мил­лиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2016 жылға қарағанда 30 пайызға артық. Тауар айналымы құрылымында экспортқа шығару – 52, импорт 48 па­йызды құрады.Өңірде сыртқы экономикалық байланысты жүйелі түрде нығайтып отырамыз. Свердлов, Челябі, Қорған, Орынбор, Калуга облыстары және Татарстан Республикасы үкіметтері мен Қостанай облысы әкімдігінің арасында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық келісім жасалған, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 

Өңір басшысы облыс­тағы кәсіп­ке­рліктің дамуы­нан және ин­вес­ти­ция тарту жұ­мыс­тары­нан қонақтар­ды хабардар етті. Бас­қасын айтпа­ғанда, Қоста­най қаласын­да 400 гектар аумақ­ты алып жатқан Ин­дуст­рия­лық аймақтың бол­а­шағы зор. Бүгінде оның инф­ра­­құ­ры­лымы дайын болды. Осы жаңа аймақта маши­на жа­сау, металл өңдеу, химия, құ­ры­лыс материалдары өн­­дір­ісі, ағаш өңдеу өнер­кәсібі кәсіпорындары орын те­бе­тін болады. Мамыр айында Премьер-Министр Бақыт­жан Са­ғын­таев келгенде 11 жо­баның тұсаукесері өтті. Осын­дай істердің барлығынан об­лыс­­та әйел-кәсіпкерлер тыс қа­лып отырған жоқ. Жалпы, өңір­де бизнестің 49619 нысаны бол­са, соның 23449 кәсіп­ор­нын әйел кәсіпкерлер бас­қара­ды. Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдерін өнді­ре­тін «ДЕП» сүт зауытын айт­сақ сөзіміз құрғақ болмай­ды. Ол өндірген өнім қазір­де Қазақ­стан мен одан тыс, оның ішін­де Ресейдің шекаралас ай­мақ­тарындағы тұ­тыну­шы­ларға кеңінен таныс. Кә­сіпорынды Любовь Ивановна Дружинина бас­­қа­ра­ды. Зауыт 200-ден астам аталыммен өнім шыға­ра­д­ы, тәулігіне 400 тонна сүт өң­де­леді. 2013 жылы кәсі­п­орын «Қа­зақ­станның үздік тау­а­ры» бай­қау-көрме­сінде «Үз­д­ік азық-түлік тауары» ата­­лы­мы бо­йынша жеңімпаз атанды. 

Еліміздің Ауыл шаруа­­шы­лығы министрлігінің ауыл шаруашылығы кешені мем­лекеттік инспекциясы комитетінің төрайымы Ажар Қажыбекова аграр­лық сек­тордағы әйелдер­дің шекара­лық ынтымақтас­тық­тағы бола­шағы туралы айтып өтті. Ауыл әйелдерінің шағын және орта бизнесте орнын табуына мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұ­мыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағ­­дарламасы», сондай-ақ халық­аралық қаржы институттары мен «Даму» кәсіпкерлікті да­мы­ту қорының түрлі бағдар­ла­­ма­лары­ның ықпалы зор болды.

– Ауыл әйелдерінің ша­ғын кре­диттеу жобаларына ерек­ше назар аударылады. Үкімет пен Еуро­па Қайта Құру және даму банкі­нің арасындағы келісім ая­сын­да «Бизнестегі әйел» бағ­дар­ламасы іске асырылуда. Осы бағдарлама бо­йынша 12 мыңнан астам ша­ғын және орта бизнес нысан­­дарына 17 миллиард теңге­­дей заем берілді. Бұл Орта­лық Азиядағы әйелдер басқара­тын және кемінде 50 пайызы қыз-келіншектер еңбек ете­тін кәсіпорындарды қолдау­ға бағытталған жалғыз бағдар­лама, – деді Ажар Елемесқызы.

Форум аясында жайылған көрме өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытып отыр­ған қыз-келіншектер жұ­мы­сының нағыз дәлелі іспет­ті еді. Мұнда көшін әлде­қашан түзеп алған белгілі кәсіп­орын­дарды былай қойғанда, жақын жылдары бастаған кәсібі өр­ге басқан кәсіпкер әйелдер еңбегі риза етеді. Айгүл Балға­баева үйде жұмыссыз отырып қалған болатын. Содан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры туралы естіп, одан 1,5 миллион теңге грант алып, ателье ашты. Осыдан бес жыл бұрын екі тігіншімен бастап еді, қазір олардың саны сегізге жетті. 

– Жұмыссыз отырып қал­май­мыз, ел іші емес пе? Той бар, қыз ұзату бар, солардың бар­лы­ғына киім, жасау тігеміз. Оның сыртында тендерлерге қатысамыз, олардан да ұтып жүрміз. Қарманған адамның қар­мағына олжа ілінбей қал­майды. Ең бастысы, мемлекет тара­пынан қолдау-көмек бар ғой, соны дұрыс пайдалану керек. Ал мұндай басқосулар кәсіп­кер­лер үшін керек-ақ, қан­­ша­ма ақпарат естиміз, өзге­д­ен үйренеміз,– дейді А.Балғабаева.

Форумда Ресей жағынан келген мейман, Ресей әйелдер одағы төрайымының орынб­асары Надежда Рем­нева, Челябі облыстық әйел­дер одағы ұйымының төрайы­мы Наталья Баскова, Қазақ­стан Республикасы Мәде­ниет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті­нің төрайымы Майнұр Мұр­за­медиева және бас­қа­лар эко­но­миканың түрлі сала­сын­дағы кәсіпкерлікті дамыту­дағы әйелдердің орны туралы айтып өтті. Алқалы бас­қосуға қатысушылар өңір инте­грациясы жағдайында әйел-кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер және шекаралық аумақтарда орналасқан ауылдарда әйелдер үшін кәсіп­кер­лік мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде екі секцияға бөлініп, ортақ мәселедегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ