Аймақтар • 19 Маусым, 2018

Тау баурайында бапталған бал қымыз

862 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктеріндегі ауылдарының бал қымызына сұраныс жоғары. Мысалы, Төлеби ауданындағы Диханкөлдің қымызын ауылға алыстан ат арытып арнайы келіп алып кететіндер көп. Дегенмен, бүгінде Оңтүстікте қымыз баптауда бәсекелестік күшейе түскен.

Тау баурайында бапталған бал қымыз

Оның бір көрінісі күні кеше Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дар­ламасы аясын­да­ Бәй­ді­бек ауданында өт­кен «Қымызмұрындық» фести­ва­лін­де байқалды. Қазақ хал­­қының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын на­­­си­­­хаттауды мақсат еткен фестиваль аясында қол­өнер шеберлерінің көр­месі, құ­лынды бие және сәй­гү­лік­тердің шеруі, ұлт­тық ат спорт түрлерінен көріністер, қымыз ішу сайысы өтті. Қатысу­шыларды құттықтаған об­лыс әкімі Жансейіт Түймебаев дәстүрдің мән-маңызына кеңінен тоқталды. 

Жеңімпаздарды анықтау­дың да оңай болмағаны анық. Өйткені сайысқа өз ауданында ең танымал да тұтынушылары көп қымыз баптаушылар қа­­тысты. Олардың арасынан бас жүлдені Түлкібас ауда­­нының қымыз баптау­шылары иеленді. Тау бау­райында бапталған бал қы­мыз­ды көпшілік жоғары бағалады. Бас жүлде иегер­леріне құлынды бие тарту етілді. Бірінші орынды Бәй­дібек ауданының, екінші және үшінші орындарды Түр­кістан қаласы мен Орда­басы ауданының қымыз баптаушылары иеленді. Ал қолөнершілер байқауында түр­кістандық шеберлердің ба­ғы жанса, сәйгүліктер сайы­сында Шымкент қаласының ат­бегілері алдына жан салмады. 

«Қымызмұрындыққа» кел­ген ­көп­­ші­лікті, әсіресе қы­мыз құмарлар бәсе­кесі қызық­тыр­­ды. Ұлттық сусынға тәбеті жақ­сылардың жарысына­ бар­лық ауданнан ынталы азаматтар қатысып, 10,5 тостаған қымыз­ды бірінен соң бірін сімірген Арыс қала­сы, Монтайтас ауы­лының тұр­ғы­ны Алмас Жа­манқұлов же­ңіске жетті. Фес­тиваль же­ңім­­­паздары мен жүл­дегер­лер облыс әкімінің арнайы сый­лығымен, дипломдармен марапатталды. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы