Аймақтар • 19 Маусым, 2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында ақ шаңқан киіз үйлер құрылды.

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

Фото: Ерсін Жұмаділов

Қымызмұрындық мерекесін өткізуге ауылдар қант-кәмпит, бауырсақ, құрт-майларын қоржынға толтырып, қымыздарын көтеріп жетті. Қалаға қарайтын 34 ауылдық аумақ бар. Барлығы да төрт түлік мал бағып, ата салтын жалғастыруда. Үштерек, Достық, Шекарашы ауылдарында жалпы, қалада елге оралған ағайындар отбасылары көп тұрады. Ағайынмен бірге салт-дәстүр,  ата баба жолы, барлығы да қайта оралды.

Бұл күні жиналған жұртшылыққа қымыз  тегін таратылды. 

Қымызмұрындық-қыстан аман-есен шыққан, жазға салым бие байлап, алғашқы қымыз ішетін күн. Көпке бұйырсын деген тілекпен ауыл жұртты қымызмұрындыққа шақырады. Бұл жолы да ауылдардан келген өнерпаздар әннен шашу шашты. Қолөнер шеберлері өздері жасаған ою-өрнекке толы түрлі ұлттық бұйымдарының көрмесін өткізді.

-Қымыз дертке дәрі екенін, нағыз шипалы сусын,- дейді  ауылдан келген ағайын. Мерекеде жиналған жұртшылық бие сауумен және қымыздың жасалу жолдарымен танысты.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар