Қазақстан • 20 Маусым, 2018

Қазақ­стан­да «гемофилия» диагнозы бар 1273 науқас есепте тұр

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстан Үкіметінің назарын гемофилияға шалдыққан науқастарға мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне аударды. 

Қазақ­стан­да «гемофилия» диагнозы бар 1273 науқас есепте тұр

Онда Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 2018 жылғы амбулаториялық және стационарлық қамтама­сыздандыруда гемофилияға шалдыққандар үшін дәрі-дәрмектің сатып алу сомасы 191,7 млрд теңгеден асатыны, яғни мәлімделген қажеттіліктің 90 пайызына сай келетіні және оның 75 пайызының аймақтарға жеткізілетіні, алайда ұлттық құқық қорғау мекемесіне азаматтардың қажетті дәрі-дәрмектерді ала алмай отыруына қатысты арыздар түсіп жатқаны айтылған.

Омбудсменнің айтуын­ша, «Қазақстан мүгедектер қауымдастығы – гемофилияға шалдыққандар» қоғамдық бір­лес­тігі осы уақытқа дейін гемофилиямен ауыратын адамдардан Батыс Қаза­қ­­стан, Атырау, Ақмола, Сол­түс­т­ік Қазақстан және Оңтүс­тік Қазақстан облыстарынан арыз-шағым­дар түсіп отыр­ғанын жазып, дәрімен қам­тылуда кең аспектіде маңыз­ды жүйе­лік проблемалар тіз­бегі барлығын жеткізді. Бұл жайт денсаулық сақтау сала­­­сын­дағы үкіметтік емес ұйым­­­дардың Алматы қала­сын­­да өткен баспасөз кон­фе­рен­­­ция­сының қоры­тынды­ларында расталғанын да атап көрсеткен.

Қазіргі уақытта Қазақ­стан­да «гемофилия» диагнозы бар 1273 науқас есепте тұр­ғанымен (841 – ересек адам­дар, 432 – балалар), олар­ға салалық маман – гема­то­логтардың орнына учаскелік терапевттер медициналық қызмет көрсетіп, осы санат­тағы науқастардың кәсіби мамандарға зәрулігі айқын сезілуде. Ал гемо­филияға ұшы­­раған науқас­тар гема­тологтың мамандан­дырыл­ған көмегіне ғана емес, сон­дай-ақ тіс дәрі­гер­­лері­нің, хирург­тердің, трав­ма­то­­лог­тар­дың, пси­­х­о­лог­­тар­дың сала­лық мама­ндан­дырылған көме­гіне де зәру. Аталған бас­па­сөз конференция­сы бары­сында гемофилия­мен ауыра­­тын балалардың ата-аналары салалық мамандар­дың олардың балаларын емдеу­ден бас тартқандығы турасында да мәлімдеген.

Сондай-ақ Адам құқық­та­ры жөніндегі уәкіл Үкіметтің наза­рын ерте кезден ауруды диаг­ностикалау, емдеу, профилактика, науқастарды оңалту үдерістерін жүзеге асыратын мекеме құру қажет­тігіне аударды.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»