Үкімет • 21 Маусым, 2018

Өткен жылда өсім бар - Қанат Бозымбаев

249 реткөрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Өзінің баяндамасында ведомство басшысы энергетика саласын­да атқарылған жұмыстар, жетістіктер және болашақ жоспарлар, сонымен қатар өткен жылда іске асырылған жұмыстардың нәтижесіне тоқтал­ды. Мұнай-газ саласының барлық секторын­дағы көрсеткіштер 2017 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсететінін көлденең тартты.

«Жер қойнауы туралы кодекс­ке сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру айтарлықтай жеңілдетілді, мерзімдер қысқартылды, әкімшілік кедергілер төмендетілді, келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін, құқықтық, экономикалық сараптамалар, келісімшартқа қол қою үшін жобалық құжат қысқартылды. Осы жылы жер қойнауын пайдалану құқығына конкурстар жалғастырылатын болады, бірінші 5 өңірде (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыс­­тарында) 11 жер қойнауы учас­ке­лері ұсынылды.

Конкурстың нәти­желері бойынша келісімшарттарға Жаңа кодекстің нормалары бо­йынша қол қойылады. Айта кететін тағы бір жайт, 2018 жылы Шымкент зауытындағы жаңғырту жұмыстары аяқталады. 2018 жылы мұнай өңдеудің жалпы көлемі 1 млн тоннаға өсіп, 16 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар 2018 жылдың басынан бастап, Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енді. 2018 жылдың шілдесінен бастап мотор отындарының сапасы K-4 және 5 экологиялық кластарына сәйкес келуі тиіс», деді Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар министр электр энергиясын өндіру көлемі 46,4 млрд кВт. сағатты құрап, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,7 пайызға өскенін тілге тиек етті және Энергия өндіруші компаниялардың шекті тарифтерін қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Спартакиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 15:25

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар