Медицина • 21 Маусым, 2018

Оралда қарақшыны құрықтады

417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында қарақшылық шабуыл жасап, «ізін суытпақшы» болған күдіктіні полиция аға сержанты құрықтады. 

Оралда қарақшыны құрықтады

Орал қалалық ІІД тергеу басқармасының жүргізушісі полиция аға сержанты Ғабит Нұғманов сол күні қызмет бабымен қалада көлікпен келе жатып, белгісіз біреудің көшедегі үйлердің бірінің қақпасынан ыршып түсіп жүгіріп бара жатқанын байқайды. Оның бұл жүгірісіне күдікпен қараған тәртіп сақшысы оны біреуден қорқып қашып бара жатыр немесе бірдеңе бүлдіріп қой­ған болса керек деп, ізіне т­ү­седі. Бір кезде әлгі адам үй­лер­дің жанында орналасқан гараждардың арасына кіріп кетеді.

Кенет ол ізінен қалмаған тәртіп сақшысын қолындағы қаруымен атып жібермекші болады. Ғабит бұғып үлгереді. Сосын басын көтеріп қараса, анау одан әрі жүгіріп барады. Бұл да қайтадан қалмай артынан жүгіреді. Соңынан қуып жетуге қалған полиция қызметкеріне әлгі күдікті «Бауырым, мені жі­бер, қума артымнан!» деп одан әрі қаша жөнеледі. Ғабит бұл адам­ның қандай да бір іске душар болғанын сезіп, артынан қал­мауға тырысады. Бірақ бір сәтке күдіктінің көзінен тасалана қалады. Сосын оның осы айналадан алысқа ұзамайтынын сезген тәртіп сақшысы дереу өз әріптестерін көмекке шақырады. Артынан бәрі анықталады.

Күдікті сол күні Алмазов кө­шесінің бойындағы үйлердің біріне кіріп, үй иесін аңшылық қаруымен қорқытып, ақшасы мен бағалы алтын бұйымдарын тонапты. Қашып бара жатқан кезінде оны полиция аға сержанты Ғ.Нұғманов байқап қалады. Осылайша дер кезінде күдікті ұсталып, Орал қаласының уа­қыт­ша ұстау изоляторына қа­мал­ды. Тергеу барысында 48 жасар күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Орал қалалық соты­ның үкімімен ағымдағы жыл­дың маусым айында алты жыл­ға бас бос­тандығынан айырылды.

Ал қызмет атқару кезінде қы­­рағылық танытып, қылмыс­кердің таянған қаруына тайсалмай, қайсарлық көрсеткен аға сер­жант Ғабит Нұғманов ІІД бас­шылығы тарапынан ма­рапаттауға ұсынылды.

Асылай Ғұбашева,

БҚО ІІД баспасөз қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51