Спорт • 21 Маусым, 2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондонның «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Джек Уилшер командадан кететінін мәлімдеді.

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

26 жастағы англиялық футболшы «канонирлер» сапынан кететінін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Шетелдік БАҚ таратқан мәліметке қарағанда, Уилшер команданың жаңа бас жаттықтырушысы Унаи Эмеримен болған арадағы әңгімеден соң, «Арсеналмен» келісімшартын ұзартпауға шешім қабылдаған.

Мәлімет ретінде айта кетейік, Джек Уилшер «Арсенал» клубында  2008 жылдан бері доп теуіп келеді. Ол өткен 10 жыл аралығында 197 рет жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 14 гол соққан.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше