Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

312 реткөрсетілді

Кеше Астанада Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Ақпарат және коммуника­циялар министрі Дәурен Абаев ведомство­ның Мемлекет басшысы­ның тапсырмасына сай атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспармен бөлісті. 

«Біздің жұмыстың басты бағыт­тарының бірі халықпен және азамат­тық қоғаммен тығыз бай­ланыс орнату. Осы орайда Қоғам­дық кеңес­тің атқаратын рөлі үлкен маңызға ие болып отыр. Өйткені мемлекеттік органдардың ашықтығына қол жеткізілді. Кеңес жұмысы билік пен қоғам арасын­дағы байланысқа арқау болды. Өткен жылы Қоғамдық кеңестің үш жиналысын өткіздік. Ол жиын­дарда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дайындау барысы пысықталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзе­ге асыру және бұқаралық ақпа­рат құралдары, ашық үкімет пен мем­лекеттік қызмет көрсету сала­ла­рындағы бірқатар маңызды мәселе­лер де қаралған болатын. Кеңестің әрбір ұсынысы министр­ліктің бақылауында. Ми­нистр­ліктің нормативтік-құқық­тық актілері де міндетті түрде Қоғамдық кеңестің келісімі бойынша жүзеге асырылады. «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы 5 жыл жүргізілді. Қазіргі уақытта өз күшін жойды. Мемлекеттік бағ­дарламаның сәтті жүзеге асы­рылғаны еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мемлекеттік қызмет көрсету мен бұқаралық ақпарат құралдары саласына қатысты көрсеткіштердің жақсарғанынан байқалады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы еліміздегі экономика саласын цифрландырудың келесі кезеңін дамытуға бағытталған базалық мүмкіндіктер құрылды. Жоспар бойынша 14 мақсатты индикатор қарастырылған. Олардың тең жартысы яғни жетеуі толық жүзеге асырылды. Халықты цифр­лы хабар таратумен қамтамасыз ету жоспарға сай 87 пайызды құрауы қажет болатын. Қазіргі көрсеткіш бойынша 81,1 пайыз. Бұл «Қазтелерадио» радио­техникалық стансасы құры­лы­­сының кестеден кешігіп жа­тқанына байланысты. Алайда жұмыс бір сәтке де тоқтаған жоқ. Көрсеткіш тұрақты түрде өсіп келе жатыр», деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Баяндама барысында министр мемлекеттік бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының жұмысы да жан-жақты жаңғыртылғанын тілге тиек етті. 

«Ел арна» киноканалы ашылды. «Хабар 24» арнасында робот­талған студия іске қосылды. «GalamTV» интернет-телеарнасы жаңа­ланды. 2017 жылы мемлекеттік ақпарат­тық тапсырыс аясында 40 телесериал түсірілді. Бұл 2016 жылмен салыс­тырғанда екі есеге артық көрсеткіш. Кейбір отандық телехикая­ларды өз елдерінде көрсету құқығын Қыр­ғызстан, Ресей мен Қытай, тағы басқа елдер сатып алып жатыр. Сонымен қатар «Қуатты Қазақ­стан» бірыңғай медиа-жос­пары бекітілді. Бұл жоспарға сай мем­ле­кет­тік органдардың бір жыл­дық іс-шаралары біріктіріліп, оларды жариялаудың ұсыныстары белгі­ленді. Өткен жылдың желтоқ­сан айында ақпарат және коммуникациялар бағытындағы 16 заң мен 6 кодекске өзгертулер мен толық­тырулар енгізілді. Бұл заң жобасын өздеріңізбен бірнеше рет талқылаған болатынбыз. Қазір заң ақпарат кеңістігінде біздің аза­мат­тардың және балалардың құқы­ғын қорғауда оң нәтежие беріп отыр­ғанын атап өту қажет. Бұған қоса Цифр­лы хабар таратуға көшу бо­йын­ша дайындық жұмыстары жүр­гі­зілді. 2018 жылдың соңына д­ейін Маңғыстау, Жамбыл мен Оңтүс­тік Қазақстан облыстары толық цифрлы телерадиохабар таратуға көшеді. Қазіргі уақытта спутникті телевизия абоненттерінің көлемі 1,3 миллион адамды құрап отыр», деді ведомство басшысы.

Еліміздің ақпараттық нарығын дамыту мақсатында түрлі имидждік іс-шаралар да өткізіліп жатыр. Осы орайда Дәурен Абаев «Тұмар» байқауын, «Үркер» сыйлығын, сонымен қатар «Astana Media week» медиа-аптасын айрықша атап өтті. 

«Баса назар аударатын тағы бір жайт, «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында біздің министрлік «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыруда. Өздеріңізге де белгілі, ашық дауыс беру нәтижесінде өз еңбектерімен үлкен табысқа жеткен еліміздің жаңа есімдері белгілі болды. Өткен жылдың 1-ші желтоқсанында олар Мемлекет басшысымен кездесті. 100 жаңа есімнің қоғамға пайдалы жобалары мемлекеттің қолдауына ие болатынын атап өткім келеді. Қазір халық арасында үлкен қолдауға ие болған осы жобаның келесі кезеңіне дайындық жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ біз «Ашық үкімет» жобасына ерекше назар аударамыз. Бұл «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының аясында жүзеге асып отыр. «Ашық деректер» порталы арқылы ел азаматтары 2800-ге жуық дерекке қол жеткізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар осы порталда 25 мың нормативтік-құқықтық акті мен тура сондай көлемдегі бюджеттік бағдарламалардың жобалары орналасады. Кез келген азаматтың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформалары арқылы өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік пайда болды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына 220 мың сұрақ келіп түскен. Ақпараттық кеңістіктегі заңның қадағалануын қамтамасыз етуге тоқталатын болсам, біздің басты мақсатымыз – азаматтарды әсіресе балалар мен жасөспірімдерді терроризм, діни экстремизм, зорлық-зомбылық, суицидке итермелеу және тағы басқа насихаттардан қорғау. Өткен жылдың өзінде осыған байланысты 10 мыңға жуық сайт пен материалдарға тосқауыл қойылды. Әлеуметтік желілерде 230 мыңнан аса материал жойылды», деп атап өтті Ақпарат және коммуникациялар министрі. 

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар