Бизнес • 25 Маусым, 2018

Шағын бизнесті жарнадан босатты

119 реткөрсетілді

Таяуда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде еліміздегі шағын бизнес өкілдерін палатаға мүшелік жарна төлеуден тағы 3 жылға босату туралы шешім қабылданды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған күннен бастап ірі және орта бизнестің 22 мың өкілі жарна төлеуші болып саналады. Қалған 980 мың мүше міндетті жарна төлеуден 5 жылға босатылған болатын. Жарнадан негізінен шағын кәсіпкерлер, шаруа және фермерлік қожалықтар босатылып отыр.

2015 жылы міндетті мүшелік жарналар бойынша ережелер қайта қаралып, оның көлемі біршама азайтылғанын атап өту керек. Сол жылы қабылданған өзгерістерге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беріп отырған кәсіпорындар да жарнадан толық босатылған-ды. Нәтижесінде жалпы міндет­темелер 2 есе төмендетілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша, қазіргі таңда шағын бизнеске қосымша қаржылық ауыртпалық салудың қажеттілігі жоқ. Бұл жеңілдік олардың жұмысын біршама жеңілдетуге тиіс. Ұлттық пала­таның қызмет барысында осы тектес ерекшеліктердің болғаны, бақылаудың ашық әрі түсінікті жүргізілуі бюджет қаржысын үнемді әрі толымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Арыста 7073 үй қалпына келтірілді

Аймақтар • Бүгін, 17:15

Ұқсас жаңалықтар