15 Желтоқсан, 2011

Жолаушылар қауіпсіздігі жіті бақылауда

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана Тәуелсіздік күні сал­танатына келетін меймандарды қарсы алуға қазірдің өзінде да­йын. Елорданың әуежайы арқылы келетін жолаушылар ағыны құқық қорғау органдарының тыңғы­лық­ты назарында болмақ. Кеше ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы генерал-майор Қанат Тоқсейітовтің, КІІД басқару штабының бастығы полковник Жайдар Қарасаевтың және Астана халықаралық әуе­жайының қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Марат Шыңғы­сов­тың қатысуымен өткен кездесуде бақылау ісін жақсарту мәсе­лелері кеңінен сөз болды. Елорданың әуе қақпасының техникалық жарақтандырылуы талқылаудың басты тақырыпта­рының біріне айналды. Алдағы жы­лы бейнебақылау жүйесі то­лық­тай жаңартылып, әуежай ғима­ратында қосымша бейнекамералар орнатылатын болады. Сонымен бірге қосымша полиция бекеттерін қою арқылы әуежай ғимараты ішіндегі нысандарды бақылаудың күшейтілетіні де атап өтілді. Тағы бірі жаңалық, жо­лаушылар қолжүгін қарау жүйесі бойынша енгізілмек. Атқарылған жұмыстар аз емес. Әуежайда жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларының өзі-ақ біздің заң бұзуға жол бермей­тініміздің тағы бір дәлелі болып табылады, деп атап көрсетті Қ.Тоқсейітов кездесу кезінде. Сон­дай-ақ ол халықаралық әуежай ұжымын алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құт­тықтады. «Егемен-ақпарат».