Аймақтар • 27 Маусым, 2018

Қостанайда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай медиа-форум өтті

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онда  әріптестер журналистика мен байланыс саласының көптеген проблемалық мәселелерін қарады. Форумға қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдарын билік пен халықты байланыстырушы күшке балады. 

Қостанайда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай медиа-форум өтті

Журналистердің тынымсыз еңбегінің арқасында жергілікті билік қостанайлықтарды мазасыздандырған мәселелерді біліп, жұмысты соған бағыттайды. Өңір басшысы облыстағы  оқырмандар мен көрермендер назарында болатын, олар әр күні күтіп отыратын  басылымдар мен  электронды бұқаралық ақпарат құралдарының  жақсы жұмысын атап өтті. Сонымен қатар журналистика ардагері Татьяна Башкатова да журналистер күнделікті  кездесіп оытратын  қиындықтар, мемлекеттік органдардың ақпаратты уақытында беруге асықпайтынын, жүре қарайтынын тілге тиек етті.

Форумға  «Информбюро.кз» агенттігінің басшысы Михаил Дорофеев пен Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқытушысы Қанат Әуесбай қатысып, журналистиканың, медианың  бүгінгі мәселелері туралы әңгімеледі. Форум соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов журналистерге облыс әкімінің алғыс хатын, грамоталарын және журналистер мерекесіне орай өткен байқау жеңімпаздарына жүлделер тапсырды.

Медиа-форум аясында журналистерге арналған семинар өтті.     

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай