Қазақстан • 28 Маусым, 2018

«Болашақ» иегерлері анықталды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Болашақ» иегерлері анықталды

Отырысты ашқан Г.Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында адам капиталын дамытуды маңызды міндеттің бірі ретінде атағанына тоқталды.

«Қазақстанның бұдан әрі дамуы мүлде өзгеше ойлау жүйесін қалыптастыруды, тез бейімделу мен өзгере білу қабілетін талап ететін цифрлы дәуірдің жаңа жаһандық трендтері ықпалында жүргізіледі. Ол үшін ең алдымен білім саласын жаңа инновациялық индустрияландыру талаптарына бейімдеуіміз қажет», деді Мемлекеттік хатшы.

Комиссия отырысы аясында Білім және ғылым министрлігің «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылуы туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Жиында комиссия шешімімен стипендия магистратурада, докторантурада оқитын және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 76 үміткерге тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»