Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Семейде қаламгер қауымды журналистер күнімен құттықтады

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат заманының талабы мен тартуы көп. Десек те болашақ журналист үшін ақпараттардың тізгінін еркін меңгеруде озық үлгі көрсетіп жүрген ел ағалары бар.

Семейде қаламгер қауымды журналистер күнімен құттықтады

- Солардың бірі қаладағы « ТВК-6» телеарнасының басшысы Омарбек Байуақов, ол кісінің басшылығымен Семейде «Ертіс өңірі», «Спектр» басылымдары тұрақты түрде шығып тұр, халықтың сүйікті газеттеріне айналды, деп бастады құттықтау сөзін алқалы қауым алдында Достық үйінің директоры Берік Көпбаев.

Телеарнаны басқару, ісін ұйымдастыру оңай емес. Жақсы журналист болу, елдің құрметіне бөлену игі іс. Біз осы орайда Қазақстанның «Құрметті журналисі» Дүйсенбек Жақсыбаевты да мерейлі мейрамында құттықтап өткіміз келеді.

Осылай дей келе Берік Көпбаев арнайы сый-сыяпаттарын табыс етті. Осындай марапатқа «SEMEI» телеарнасының ұжымы да  ие болып, халықтар арасындағы ынтымақты, бірлікті насихаттағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

СЕМЕЙ