Қазақстан • 29 Маусым, 2018

Монғолиядағы қазақ қыздың суреті National Geographic байқауында бірінші орынға ие болды

818 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

National Geographic Travel Photographer of the Year байқауында Монғолиядан шыққан қазақ қыз бейнеленген "Шай мәдениеті" деген фотосурет бірінші орын алды. 

Монғолиядағы қазақ қыздың суреті National Geographic байқауында бірінші орынға ие болды

Суретті швейцариялық фотограф Алессандра Мениконзи 2018 жылдың басында түсіріген. Ол бүркітпен аңға шыққанды ұнататынын айтады.

"Мен бүркітпен аң аулайтын аңшылардың отбасымен бірге қыстаудан, көктемгі лагерьде жүрдім. Моңғолияда өте аз қоныстанған, бірақ жергілікті тұрғындар өте қонақжай. Қазақ мәдениеті үшін шай қонақжайлылықтың ең маңызды элементі. Ол жай сусын ғана емес, ол - ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін, ләззатын және ең бастысы халықтың рәсімін көрсетеді. Суретте Дамель Батыс Моңғолияда аяздан жылыну үшін бір шыныаяқ шай ішіп тұр, үстінде қалың жүнді киім" , - дейді автор өзінің фотосуреті туралы.