Футбол • 01 Шілде, 2018

Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциядан ұтылған Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты, деп хабарлады Vesti.kz.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты

Порталдың хабарлауынша, футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама белгілі болды. Франция құрамасы аса тартысты өткен ойында Аргентинаны 4:3 есебімен ұтты.

Қазанда өткен кездесуде Антуан Гризманн пенальтиден бірінші болып гол соғып, есеп ашты. 41 минутта Анхель Ди Мария таразы басын теңестірді. Тіпті екінші тайм басында аргентиналықтар есепте алға шықты. Габриэль Меркадоның аяғына тиген доп Уго Льорис қорғаған қақпаның торында тулады.

57 минутта Бенжамин Павар есепті қайта теңестірді. Оның шірене тепкен добын аргентиналық қақпашы Армани қайтара алмады. Одан кейін бар болғаны 4 минут ішінде Килиан Мбаппе 2 гол соғып, дубль жасады. Франция құрамасын екі доп басымдығымен алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Серхио Агуэро есепті бір голға қысқартқанмен, нәтижені теңестіруге уақыт жетпеді.