Аймақтар • 01 Шілде, 2018

Қызылордада Ұлттық домбыра күні атап өтілді

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ұлттық домбыра күні атап өтілді.

Қызылордада Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Облыстық білім басқармасы мұрындық болған айтулы шара «Жібек жолы» ойын-сауықтыру орталығында болды. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Домбыра қазақтың жан дүниесімен байланысты. Күйді, домбыраның әуенін, сазын мұрнына жусан иісі барған әрі Ұлы дала төсінде өмірге келген қазақ қана түсіне алады. Себебі бұл ерекше музыка адамның жан дүниесін көрсетеді, яғни мұңды немесе қуанышты, ойды ашық байқатады. Кешкілік домбыраны шертіп отырған кезде барлығы ұмытылады. Маған бұл әсер ұнайды, сондай-ақ домбырада жақсы ойнайтын адамдарға құрметпен қараймын. Біздің қазақ халық әндері мен жырлары адамның жан-сезімін толқытады, оларда философиялық мазмұн бар. Қазақ әндері мен жырларында музыкаға емес, ондағы сөздерге мән беру керек. Бұл сөздердің мәні өте тереңде жатыр және олардың үлкен маңызы бар», - деген еді.

Мерекелік іс-шара бағдарламасында домбырашылар ансамблдерінен қазақ күйшілерінің шығармаларынан попурри, термелер, күйлер, трио ансамблдерінен әндер орындалды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ.