Қазақстан • 02 Шілде, 2018

Мәскеу төрінде шырқалған ән

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тынышгүл Ақайқызы Семейдегі «Шығыс» өңірлік қолбас­шы­лығына қарасты 44793 әскери бөлімде мәдени-демалыс орта­лы­ғы­ның жетекшісі қызметін атқарады. Оны жұртшылық әскери-патриоттық әндер шығаратын танымал композитор ретінде біледі.

Тынышгүл Ақайқызының ақын Сәнді Ақылайдың сөзіне жазған «Менің тілім» әні кеше ғана Мәскеу аренасын­да шыр­қалды. Тынышгүл Ақай­қы­зының әнін Қазақ елінің намысын жыртып, Көк байрағын желбіреткен намыскер ұлы Ибрагим Ескендір шырқады.

– Тынышгүл Ақайқызы шы­ғар­ған әннің Мәскеу төрінде орын­далуы біз үшін ғана емес, бү­кіл қазақ жұрты үшін қуанышты оқи­ға болды. Иб­рагим Ескендірге де үл­кен рахмет! – деді «Шығыс» әс­ке­ри өңірлік қолбасшылығы бас­­­пасөз қызметінің сержанты Ме­руерт Құрманғажина.

Тынышгүл Ақай­қы­­зы – рес­­публи­калық «Жас ұлан» фес­тивалінің лауреаты. Астанадағы Тәуелсіздіктің 25 жыл­­дығына арналған рес­пуб­ли­­калық ақын-композиторлар ара­­сында өткі­зілген патриоттық ән­­дер сайы­сының дипломанты.

Айта кету керек, Тынышгүл Ақай­қы­зы – көптеген әндерін әскери та­қырыпқа арнаған композитор Темір­жан Базарбаевтың тікелей шәкірті. «Байла­нысшылар ұраны», «Сарбаздар сәле­мі», «Әскери полиция маршы», «Бар­­лаушылар ұраны» сияқты отыз­ға жуық патриоттық тамаша ән­дердің авторы.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

журналист

СЕМЕЙ