Аймақтар • 03 Шілде, 2018

Ақтөбелік автокеруен Астанаға жетті

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе аймағында елорда­ның 20 жылдығы құрметіне орай 3 мыңға жу­ық іс-шара шоғырын ұйым­дас­ты­­ру көзделген болса, қазір соның етек-жеңі түріліп келеді. Бұ­лар не­гі­зі­нен тақырыптық кон­ференциялар мен симпозиумдар, спорттық бә­се­ке­лер мен өнер жұлдыздарының кон­це­рттері болып табылады.

Ақтөбелік автокеруен Астанаға жетті

Мұның сыртында «20 игі іс» деген тақырыппен өткі­зіл­ген қайы­рым­ды­лық шара­лары жасы ұлғайған жә­не мүм­­­кіндігі шектеулі жандар­­ға, табысы аз көп балалы отбасыларға моральдық жә­не материалдық тұрғыдан қол­дау көр­сетуге бағытталды. Деген­мен, «бұл ән бұрынғы ән­нен өзгерек» деген­дей, «Құт­­ты мекен Ақтөбеден – арай­­лы Астанаға» деген тақы­рып­пен ұйым­дасты­рыл­ған авто­керуеннің ор­ны да, жолы да бөлек болды деп ай­туға толық негіз бар. 

Аталған автокеруен өзі­нің бағытын 25 маусым күні Қызылордаға қарай бұр­ған еді. Оның құрамындағы қо­ғам, мә­дениет пен өнер қай­рат­­керлері, ға­лымдар мен жас­тар өкілдері бір ап­та бойы ел-жұртпен емен-жарқын пікір алысып, Астананың абыройын асқақтатты. Олар Қызылорда, Түр­­кіс­тан, Жамбыл, Қара­ғанды об­лыс­та­ры­ның орта­лық­­тарында және Ал­ма­ты мен Жамбыл қалаларында бол­ған кездесулерде еліміздің жүрегі Ас­та­на туралы тартымды әңгімелер өр­бі­тті. 

Астана тұтастай ел өңір­ле­рінің өсіп-өркендеуіне басты темірқазық бо­ла алатыны жөнінде өрелі ой-пікір­лер де сабақталды. Астанаға қа­рап ой түзеу де, Астанаға қарап бой тү­зеу де жастарға әбден жараса­ды. Сон­дықтан да автокеруен құрамында жас­тардың көбірек болуына көңіл бөлінді. Бұл туралы аталған мәнді де маңызды мә­дени-көпшілік шараның басы-қасында жүрген Ақтө­бе облыстық мә­дениет, ар­хив­тер және құжаттама бас­­қар­масының басшысы Мар­жан Қорғанбаева айтып берді.

Автокеруен аталған уақыт ара­лы­ғында еліміздің 11 елді­мекенінде бо­лып, ел-жұрт пен Астана ара­сын­дағы байланыстар мен қарым-қа­ты­настардың жақындай түсуіне және тұр­ғындар арасында Астанаға деген сүйіспеншілік сезім мен махаббаттың орны­ғуына алғышарт жасай алғаны оның алға қойған бас­ты мақ­са­тының орын­дал­ға­нын көр­се­теді. Қысқасы, Ақтөбе­ден елордаға бағыт ұстаған авто­ке­руен 5170 шақырым жо­лын артқа тастап, шілденің алғаш­қы күнінде Астана қала­сы­на жетті. Сол күні ақтөбелік өнер шеберлері елорданың төрінде үлкен мерекелік концерт қойды.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан» 

АҚТӨБЕ