«Егемен Қазақстанның» арнайы жобасы: Жасампаздық жемістері
Жиырма жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Егемен Қазақстан» газеті осындай өркенді өзгерістерді бейнелейтін материалдарды тұрақты жариялап тұрады. Төменде Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан фоторепортаж беріліп отыр. Енді бірер жылдан соң ірге көтергеніне 60 жыл толғалы отырған бұл қаланың орнын таңдаған академик Қаныш Сәтбаев болғаны аян. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында мыс кенінің бай қорын ашып, болашағы үлкен аймақ екенін анықтаған, сол кезде өзі де орда бұзар отыздағы ғалым-геолог Кеңгір өзенінің Наушабай аталатын төменгі саласы бойындағы дөңеске өндіріс орталығы орнығуын таңдайды. Суы мол Кеңгірді бөгеп, тоспа салуға, Қарсақбай, Жезді кеніштеріне жақындығы, Қарағандыдан темір жол тартуға қолайлығы осындай шешімге келуге түрткі болады. Сарыарқаның сайын төсінде шаңырақ көтерген жаңа кенттің қала атына заты сай қалыптасуы ғұлама ғалымның көз алдында өтті, өсіп-өркендеуіне қолдаушы, қамқоршы болды. Қазір 90 мың тұрғыны бар шаһар көрікті кескін-келбетімен тұрғындар көңілін сүйсінтеді, мерейін тасытады, Аймақтағы іргелі өндіріс ошақтары осында шоғырланған. Көбі индустриялық-инновациялық дамудың көш басында. Жалпы, өнеркәсіп өнімі көлемі өткен жылы 500 млрд.-қа жуық теңгені құраса, биыл бұдан да асып түскелі отыр. Негізгі капиталға![161211-46](http://old.egemen.kz/2011img/161211-46.jpg)
![161211-48](http://old.egemen.kz/2011img/161211-48.jpg)
![161211-41](http://old.egemen.kz/2011img/161211-41.jpg)
![161211-42](http://old.egemen.kz/2011img/161211-42.jpg)
![161211-43](http://old.egemen.kz/2011img/161211-43.jpg)
![161211-44](http://old.egemen.kz/2011img/161211-44.jpg)
![161211-45](http://old.egemen.kz/2011img/161211-45.jpg)
![161211-47](http://old.egemen.kz/2011img/161211-47.jpg)