16 Желтоқсан, 2011

Сәулеті келіскен қос ғимарат

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ойыл аграрлық колледжінің жаңа оқу корпусы мен жатақханасы пайдалануға берілді. Салтанатты сәтте сөз алған аудан әкімі Алтынбек Әмірғалиев жиналғандарды әсем ғимараттың ашылуымен тұспа-тұс келіп отырған ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ ол «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясында еңбек жолын осы колледжде бастаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университетінің түлегі Бибінұр Төлеповаға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Осы екі нысанның құрылысын жүргізген бас мердігер «ВАМЭК» ЖШС директоры Кеңес Әлімбаев колледж директоры Ғазиз Займолдинге ғимараттың символикалық кілтін тапсырды. Одан әрі көпшілік ғимараттың ішін аралап көрді. 60 орындық жатақханада студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Іргетасы 1963 жылы қаланған оқу орны бұрын негізінен ауылшаруашылығының жұ­мыс­шы мамандарын даярлаумен айналысып келген еді. Ел Тәуелсіздігін алған жылдары лицейге айналған оқу орны уақыт ағымына ілесіп, даярлаған мамандары нарықтық экономиканың көшіне еріп, білімін жалғастырып, өздері түлеген бүгінгі колледжде ізба­сар­ларына дәріс беріп жүр. Қазіргі таңда колледж қабырғасында 273 студент бес маман­дық бойынша білім алуда. Биыл лицейде дене тәрбиесі пәні мұғалімі факультеті ашылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.