![Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті](/article_photo/1530936395_article_b.jpeg)
Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен әңгімелесіп, оларды елорданың 20 жылдығымен құттықтады.
Қазақстан Президенті Астананы салуға және дамытуға атсалысқан тұлғалардың бәріне ризашылық білдірді.
– Елорданың бүгінгідей дәрежеге жететініне көпшілік сенбеген еді. Баршаңызға алғысым шексіз. Сіздер қажырлы еңбек етпегенде, мен бұған қол жеткізе алмас едім. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз болашақ ұрпақтың жадында сақталады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.