![Иван Дычко жетінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)](/article_photo/1530942996_article_b.jpeg)
Кезекті кездесуін Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) өткізген Иван Дычко 42 жастағы америкалық ардагер Морис Харриспен (26-21-3, 11 КО) жұдырықтасты. Сегіз кезеңге жоспарланған жекпе-жекті қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтады. Сөйтіп ол өзінің кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Дычконың осыған дейінгі айқасы Сент-Питерсбергте (Флорида штаты, АҚШ) тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Морронемен өткен болатын. Онда да отандасымыз алғашқы раундта-ақ қарсыласын жеңген еді.