Ұлттық спорт • 07 Шілде, 2018

Қостанайда Астана күні құрметіне ат спортының тоғыз түрінен чемпионат өтті

43 реткөрсетілді

Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне Қостанай қаласының іргесіндегі Қостанай ауданында орналасқан «Арғымақ» ипподромында ат спортынан чемпионат өтті.

Оған Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақмола, Қызылорда, облыстарынан ат бапкерлері мен жанкүйерлер, шабандоздар, барлығы елуден аса спортшы келді.  Чемпионатта қостанайлықтар мен қонақтар ат спортының тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ, аламан бәйге түрлерін тамашалады.

Әсіресе, көрермен үшін аламан бәйгенің орны бөлек. Оған еліміздің әр шалғайынан он алты ат қосылды. Ауыздығын шайнап тұрған тұлпарлардың құйрық тістесіп, бір бірінен озуы да оңай болмады. Ақырында  топ аттан үш сәйгүлік суырылып алға озды. Олар Қостанайдан, Алматыдан және  Астанадан келген тұлпарлар болатын. Дегенмен, мәрені   Жанкелдин ауданынан, яғни Торғайдан келген «Алу» атты сәйгүлік алдымен кесіп өтті.  Оның шабандозы мен бапкеріне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Volkswagen Polo машинасының кілтін табыс етті. Бұл Алудың аламан бәйгеден екінші жеңісі.

«Біз «Алу» екеуміз жеңетінімізге сеніммен келгенбіз», дейді қуанышты  жас шабандоз Байеке Аманбай.

Соңғы жылдары Қостанай өңірінде ат спортына деген қызығушылық артып келеді. Бәйге болған сайын «Арғымақ» ипподромында ине шаншар орын табу қиын. Астана күні мерекесінде «Арғымақ» ипподромындағы қызықты көргенде арманда, көрмегенде арманда болды.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазқстан»

Қостанай

Суреттер alau.kz сайтынан алынды

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Цифрлы фермалар көбейеді

Қазақстан • Бүгін, 10:03

Жастар жылында жаңалық көп

Аймақтар • Бүгін, 09:59

Жақсының аты өшпейді

Қоғам • Бүгін, 09:56

Жақсының жолы – жарық күн

Қоғам • Бүгін, 09:48

Кененнің кемер белдігі

Қоғам • Бүгін, 09:36

Ұқсас жаңалықтар