Аймақтар • 07 Шілде, 2018

Атырауда балықшылар күніне орай 20 мың бекіре шабағы өзенге жіберілді

773 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда балықшылар күні мерекесіне арналған іс-шаралар өтіп жатыр, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда балықшылар күніне орай 20 мың бекіре шабағы өзенге жіберілді

Ертемен Жайық өзенінің жағасында спорттық балық аулау бойынша турнир өтті, жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша жүлделер мен сыйлықтар алды. Шипажай жағалауында екі бекіре зауыты өзенге бекіре балықтарының 20 мың шабағын жіберді. Жас шабақтардың салмағы 3-тен 10 граммға дейін.

«Бүгінде 20 мың шабақты жіберуіміз кездейсоқ емес. Биыл Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін екі бекіре зауыты өздерінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондай-ақ, бұл маңызды күн Қазақстан Астанасының 20 жылдығына тұспа-тұс келді. Бұл жыл сайынғы дәстүр жас балықтардың шығарылуы аймақтағы құнды балықтар санының артуына әсер ететініне сенімдіміз », - дейді Жайық-Атырау бекіре зауытының директоры Ғилман Сарсемалиев.

Шара барысында фестиваль қонақтары үшін бекіре балықтардың көрмесі ұйымдастырылды.

Облыстық әкімдіктің алдындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында Атырау өндірушілерінің балық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Мұнда Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтар жаңа піскен, құрғақ және ысталған балықты, сондай-ақ әр түрлі жартылай фабрикаттарды сатып алды.

Сұлтан Бейбарыс алаңында балықтан дәмді тағам дайындау,  балықты тез  тазалау,  балық аулау және кір тасын көтеру мен арқан тартудан жарыстар болды. Осыдан кейін мерекенің қатысушылары мен қонақтарын балықшылар күнімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов құттықтады.

«Жыл сайын біздің екі бекіре зауыты өзенге шамамен 7 миллионға жуық жас шабақтарды жібереді. Біздің өндірістік кооперативтер жылына 12 тоннаға дейін балық алады, олардың 85-90 пайызы экспортталады. Бұл Атырау облысындағы балық өнеркәсібі жақсы қарқынмен дамып келе жатқанының тағы бір көрінісі », - деді Серік Шапкенов.

Шара барысында балық өнеркәсібінің ардагерлері мен осы сала қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Атырау облысының әкімі атынан ең басты төрт қызметкер алғыс хат алды. Облыстың 15 тұрғыны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Орман және жануарлар дүниесі аймақтық комитеті дипломдарымен марапатталды, содан кейін тұрғындар назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кетейік, балықшылар күні мерекесі сағат 19.00-де С.Бейбарыс алаңында мерекелік концерт пен отшашумен аяқталады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ