08 Шілде, 2018

Баянауылдағы Мұса Шормановтың кесенесі ұлутастан салынады

1040 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи тұлға Мұса Шорманов 15 жыл бойы Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. Кезінде Шормановтың есімі Петербург жұртшылығы, географиялық және антропологиялық қоғамдардың мүшелері арасында танымал болған. 1881 жылы Мәскеуде өткен Бүкілресейлік өнеркәсіптік-көркемдік көрмеге қазақ халқының қолданбалы өнерінің бұйымдарын жіберген. 

Баянауылдағы Мұса Шормановтың кесенесі ұлутастан салынады

Кешенді  тұрғызуға облыс әкімі Болат Бақауов та қолдау көрсетіпті. Жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер Қобыланбек Қожин, Қарлығаш Әубәкірова,  Ғаббас Бектұров, Жұмабек Қамзин, Абызбай Адамов мен  Мұса Шормановтың ұрпағы Софья Байниязова, Саяш Ахметовтер, Баянауыл жұртшылығы да  үлес қосуда. 

Кесене құрылысы аудандағы Теңдік ауылы маңында басталды. Облыс  орталығындағы мемлекеттік педагогикалық университет ректоры Алтынбек Нұхұлының айтуынша, Шоқан Уәлиxановтың туған нағашысы Мұса Шорманұлының кесене құрылысы жобасы рухани-тарихи музей кешеніне айналады.  Мұсаның баласы  Сәдуақас Шормановтың басына да құлпытас қойылмақ. Маңғыстау облысынан екі вагон ұлутас жеткізілмек. 
             
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР