Қазақстан • 10 Шілде, 2018

Аудиторлар Астанада бас қосты

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Ақпараттық технологиялар аудиті» тақырыбы бойынша Азия жоғары аудит органдары ұйымдарының (ASOSAI) халықаралық семинарының ашылуы болды.

Аудиторлар Астанада бас қосты

Жапонияның жоғары мемлекеттік аудит органы – ASOSAI (Азия жоғары мемлекеттік аудит орган­дарының ұйымы) әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Есеп комитеті ұйымдастырған семинар 13 шілдеге дейін жалғасады.

Іс-шараға қатысу үшін Астанаға АSOSAI-ға мүше 29 мемлекеттің жоғары аудит  органдарының өкілдері келді. Ал семинарды Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы қатысушыларға жемісті жұмыс тілей отырып, түрлі елдердің мамандарына мемлекеттік аудит саласындағы ең маңызды мәселелер бойынша тәжірибе мен пікір алмасуға мүмкіндік беретін осындай кең ауқымды кездесулер өткізудің маңызын атады.

Қоғамды, соның ішінде мемлекеттік басқару, экономика, IТ аудиті органдарын цифрландыру жағдайында және аудитті жүргізу барысында тікелей ақпараттық технологияларды қолдану күннен-күнге өзекті болып отырғаны баса айтылды.

«Осыған байланысты ақпараттық жүйелер мен олар­дың дамуына салынған қаражаттың тиімділігін бағалау қа­жеттігі туындады. Сәйкесінше, ақпараттық тех­но­ло­гияларды енгізу мен дамытуға бағытталған мемле­кеттік бағдаламалардың іске асырылуында мемлекет­тік аудит жүргізудің рөлі арта түседі», деді Наталья Годунова. 

ASOSAI – өзінің құрамында Азия және Тынық мұхиты өңірінің 46 елінің жоғары қаржылық бақылау органдарын біріктіретін ұйым. 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дың жоғары органы 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблея болып табылады. Есеп комитеті ASOSAI-ға 2000 жылдан бері мүше.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше