Қазақстан • 10 Шілде, 2018

«Ана тілі» және «Қазақ әдебиеті» газеттеріне жаңа басшылар тағайындалды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ана тілі» және «Қазақ әдебиеті» газеттеріне жаңа басшылар тағайындалды

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы белгілі журналист, ақын Жанарбек Әшімжан республикалық «Ана тілі» газетінің басшысы болып тағайындалды. Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторлығына «Абай-ақпарат» Қазақстан интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті, жазушы Дәурен Қуат келді.  

Ж.Әшімжан әр жылдары қа­ла­лық «Алматы ақшамы» га­зе­тінде, «Қазақстан» журналында, республикалық «Жас Алаш» газетінде қызмет еткен. 2005–2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып, 2008 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «ҚаламгерМедиа» орталығының директоры қызметін атқарды.    

Д.Қуат республикалық «Халық кеңесі», халықаралық «Қазақ елі», республикалық «Жас Алаш» газеттерінде тілшілік қызмет атқарды. 2004-2007 жылдары рес­публикалық «Алтын орда» га­зетінде, 2008-2009 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінде, кейінгі жылдары «Abai.kz» ақпараттық порталында бас редактор лауазымында болды. 

«Егемен-ақпарат»