Өнер • 14 Шілде, 2018

«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бастау» домбырашылар тобы АҚШ-тың World Champions Olympic байқауында өз номинациялары бойынша алтын медальға ие болды.

«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

«Бұл жолды жүріп өту қаншалықты қиын екенін білсеңіздер ғой. Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы өз номинацияларында алтын медальге ие болды. Жеңісімізді биылғы «Ұлттық домбыра күніне» арнаймыз. Бізді қолдаған Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, өнер жанашыры Айман Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс»,- деді «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрім.

World Championship of Performing Arts - WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Биыл Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері  қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан аталған жарысқа алғаш рет қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар