Аймақтар • 17 Шілде, 2018

Сарысу ауданында ас тұзы өндіріледі

1452 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жалпы, Сарысу ауданы бұ­рын­нан өндірісі өркендеген, эко­номикасы дамыған аймақ ре­тінде белгілі. Аудан орталығы Жа­ңатас қаласының өзі кезінде ел экономикасында айтарлықтай орны бар шаһар болған. Бүгінгі таң­да Жаңатас қаласының әлеу­еті қайтадан көтеріліп, өңір­де кә­сіп­керлік саласына бет­бұ­рыстар жасалуда. 

Сарысу ауданында ас тұзы өндіріледі

Қазір аталған ауданда фосфор өндіретін екі ірі зауыт бар. Со­нымен қатар қазіргі таңда ау­­данда 2279 шағын және ор­та кәсіпкерлік субъектісі жұ­мыс істейді. Сарысу ауданы әкім­ді­гінің мәліметінше, олар мем­­ле­кеттен несие алу бағ­­дар­ла­ма­ла­рын да игеріп, өзін және өзгені де жұмыспен қам­ти­тын жағ­дайға жеткен. Аудан хал­қы­ның 35 пайызы, яғни 7644 азамат өнер­кәсіп немесе кәсіпкерлік сала­сында жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында кәсіпкерлік кең өріс алып, бұл бағыт аудандар ахуалын арттыруға өзіндік үлесін қосып отыр. Астана қаласының мерейтойына орай «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы аясында бірқатар аудандарда кәсіпкерлік нысаны ашылып, өз жұмысын бас­тады. Сондай кәсіпкерлік ны­­сан­ның бірі Сарысу ауда­нын­да­­ғы ас тұзын өндіретін және өң­дейтін «Асыл тұз» компания­сы» жауапкершілігі шектеулі се­­­рік­тестігі. Жалпы құны 710 мил­­лион теңгені құрайтын жо­ба­ның құрылысы облыстың кә­сіп­керлікті қолдау картасына ен­гізілген. Сонымен қатар атал­ған кәсіпкерлік нысанының өн­ді­ріс­тік қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайды. 

Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаевтың айтуын­ша, бұл жаңа өндіріс орнының іс­ке қосылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді және өндіріс өрісін одан әрі кеңейте түседі. Енді ас тұзын шығаратын кәсіп­орын­да 75 жаңа жұмыс орны пай­да болады. Сондай-ақ аталған кә­с­іп­керлік нысан тұрғындарды жұ­мыс­пен қамту арқылы әлеуметтік жағ­дайды жақсартуға, салық қа­зы­насын толықтыруға да оң әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда аталған серік­тес­тік аудан орталығынан 200 ша­қырым қашықтықта жатқан Жай­лаукөл немесе Шығанақ жеріндегі кен орындарынан тұз тасып жатқан болса, алдағы уа­қыттарда жақын жерлердегі тұз кен­дерін барлау және игеру жұ­мыс­тарын бастайды. Қазіргі кезде аталған серіктестіктің басты мақсаты шикізат көлемін ұлғайту бо­лып отыр. Егер шикізат кө­бей­се өндірістің өрісі кеңейіп, қуаты да артатын болады. 

Жұмыс барлық талапқа сай болу үшін бүгінде мұнда Ресей және Украина мемлекеттерінен құ­р­ылғылар әкелініп, зауыт то­лы­ғымен автоматтандырылған. Өн­діріс орнының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар екен. Цех бас­шысы Жандос Шұғаевтың ай­туынша, бүгінде өндірілген ас тұзын Жамбыл облысынан бө­лек, Қарағанды облысына және көр­ші Қырғыз Республикасына экс­порттау жұмыстары жолға қой­ылған. 

Осы уақытқа дейін «Қаз­фос­фат» арқылы фосфор өнді­ру­мен, «ЕуроХим» арқылы хи­мия­лық ты­ңайтқыштарды өңдеумен аты шыққан Сарысу ауданы енді ас тұ­зын өндіруде бел­сен­ділік тан­ы­туда. Бұл ретте аудан әкім­дігі та­рапынан тиісті қолдау да бар. Жа­қын арада зауытқа жер­гілікті әкімдік тарапынан темір жол тұйығын салуға және электр жа­рығымен қамтуға тиісті көңіл бөлінбек. 

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы